Облысты дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасындағы дене шынықтыру және спорт саласына қатысты 2 нысаналы индикатор белгіленген олар:
- Жүйелі түрде дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын, барлық жастағы тұрғындарды қамтуды ұлғайту.
- 7-ден 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен жеткіншектердің балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінде және дене дайындығы спорт клубтарында денешынықтыру мен спортпен шұғылдануы, барлық жасөспірімдер мен жеткіншектердің жалпы санынан қамтылуы (үлесі).
№ |
Атауы |
Өлшем бірлігі. |
2017 жыл |
|
жоспар |
нақты |
|||
|
Нысаналы индикатор |
|
|
|
1 |
Жүйелі түрде дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын, барлық жастағы тұрғындарды қамтуды ұлғайту. |
% |
27,0 |
28,6 |
2 |
7-ден 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен жеткіншектердің балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінде және дене дайындығы спорт клубтарында денешынықтыру мен спортпен шұғылдануы, барлық жасөспірімдер мен жеткіншектердің жалпы санынан қамтылуы (үлесі). |
% |
12 |
12,1 |
1-ші нысаналы индикатор бойынша 2017 жылдың жоспары 27% белгіленген болатын, 2017 жылдың қорытындысы бойынша облыста дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар қатары 28,6% (319,6 мың адам) жетті. Бұл индикатор жоспардан 1,6% асып орындалды.
2-ші нысаналы индикатор бойынша 2017 жылдың жоспары 12% белгіленген болатын, 2017 жылдың қорытындысы бойынша облыста дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын 7-ден 18 жасқа дейінгі аралықтағы жасөспірімдер мен жеткіншектер саны 23 715 баланы құрады немесе ол жалпы балалар-жасөспірімдер санының 12,1% құрайды. Аталған индикатор толығымен орындалды.