2018 жылдың 20-21 қазан аралығында Алматы қаласында спорттық арбадағы биден Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Аталған чемпионатқа еліміздің 16 командадан барлығы 41 спортшы қатысты.
Жамбыл облысынан «Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубтан» 4 спортшысы қатысты. Жарыстың қортындысы бойынша Жамбыл облысының спортшылары Аманбеков Талғат пен Ахметова Наргиза DUO FREESTYLE CLASS жұптық биде 1 орын алды. DUO LATINA CLASS жұптық биде 1 орын. КОМВІ STANDART CLASS жұптық биде 1 орын. DUO STANDART CLASS жұптық биде 2 орын иеленді.
Жекелей биде Ахметова Наргиза SINGLE WOMAN CLASS 1 орын және WOMAN FREESTYLE CLASS 1 орын алды.
Жекелей биде Бейсебаева Балжан SINGLE WOMAN CLASS 2 орын алды.
Жекелей биде Аманбеков Талғат SINGLE МАN CLASS 3 орын алды.
Арбадағы спорттық биден жаттықтырушы Аубакиров Ғабит