2018 жылдың 22-25 қараша аралығында Жамбыл ауданы, Бектөбе ауылындағы атшабарда Саятшылықтан жастар арасындағы Қазақстан Республикасының X-чемпионаты өтті. Аталған чемпионатқа еліміздің 10 облысынан 19 бүркіт, 4 ителгі және 5 қаршыға қатысты. Чемпионат құсты қолға шақыру, еркін ұшыру, аңға салу бойынша өткізілді. Жарыстың қорытындысы бойынша төмендегідей жүлдегерлер анықталды:
Жарысты өткізудің негізгі мақсаты жастар арасында ұлттық спортымызды насихаттау, жастарды отансүйгіштікке, патриоттық сезімге тәрбиелеу болып табылады.
Бүркіт:
1 орын: Абдулкәрімұлы Сармат (Атырау облысы)
2 орын: Паң Сейдулла (Түркістан облысы)
3 орын: Барықтабасов Қалысбек (Жамбыл облысы)
Қаршыға:
1 орын: Жалғасұлы Берікболсын (Жамбыл облысы)
2 орын: Сейтжан Бекасыл (Алматы облысы)
3 орын: Махмұтхан Зәки (Түркістан облысы)
Ителгі:
1 орын: Махмұтхан Сағи (Түркістан облысы)
2 орын: Шәкір Нұрбек (Жамбыл облысы)
3 орын: Тастанбек Байрақ (Ақмола облысы)