2016 жылдың 20 - 28 ақпан аралығында Алматы қаласында су добынан 1998 ж.т. және одан кіші жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасы чемпионатының І туры өтті. Жарысқа 4 команда қатысты.
Жалпы командалық есепте:
І орын –Алматы қаласы;
ІІ орын –Тараз қаласы;
ІІІ орын –Астана қаласы.
2016 жылдың 19-29 ақпан аралығында Көкшетау қаласында стандартты («классикалық»), белсенді («рапид») және жылдам («блиц») шахматтан 20 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар арасындағы Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтті. Аталған турнирге Қазақстанның 11 өңірінен барлығы 142 спортшы қатысты.
Жамбыл облысынан Серікбай Шыңғысхан, Әлібекова Диляра және Шекербек Назерке сайысқа түсіп, стандартты шахматтан Әлібекова Диляра жеңімпаз атанды.
2016 жылдың 25-28 ақпан аралығында Шымкент қаласында кикбоксингтен 2000-2001 ж.т. кадеттер арасында Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтті. Жарысқа Қазақстанның барлық өңірінен 260 спортшы қатысты.
Жамбыл облысынан барлығы 40 спортшы қатысып, 13 алтын, 5 күміс, 8 қола медальдарына ие болды. Жалпы командалық есепте Жамбыл облысының құрама командасы І орын алды.
Салмақ дәрежесіне байланысты І орын алған спортшылар тізімі:
Саухамбек Бейбарыс (39кг);
Сейдахан Әлібек (42кг);
Көпдікбаева Раушан (44кг);
Таңғатар Ақбота (48кг);
Жарылқапов Рустем (54кг);
Айтпаева Жамиля (56кг);
Рахманов Бағлан (57 кг);
Есенова Меруерт (60кг);
Бәкіров Мейіржан (60кг);
Сабырбеков Бекежан (63,5кг);
Жұмабаев Батырбек (75кг);
Тоқтасын Бақберген (81кг);
Бейсембек Мақсат (+81кг).
2016 жылдың 25-28 ақпан аралығында Ақтөбе қаласында еркін және грек-рим күресінен есту қабілеті төмен жасөспірімдер, жастар және ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Чемпионатқа Қазақстанның барлық өңірінен 80 спортшы қатысты.
Еркін күрестен жеңімпаз болған Жамбыл облысының спортшылары, Есжанов Ғабит, Дүйсембиев Нұрсұлтан, Сабитов Бағдат, Молдашев Ғалымбет, Жанабіл Ершат, Жамбыл Әділет және Тұрғынбай Ғасыр 2016 жылдың 1-9 мамыр аралығында Тегеран (Иран) қаласында өтетін еркін және грек-рим күресінен Әлем чемпионатына қатысуға жолдамаларын жеңіп алды.
Спортшылардың жеке бапкері: Еркін күрестен Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Қонысбаев Ерназар Дүйсенұлы.
Жалпы командалық есепте еркін күрестен Жамбыл облысының құрама командасы 7 алтын, 5 күміс, 1 қола медальдармен 1 орынды жеңіп алды.
Жарыстың қорытындысы бойынша Жамбыл облысының спортшылары төмендегі нәтижеге қол жеткізді:
Еркін күресі, ересектер арасында:
- Дүйсембиев Нұрсұлтан 57кг - І орын;
- Есжанов Ғабит 65 кг -І орын;
- Сабитов Бағдат 70кг- І орын;
- Молдашев Ғалымбет 65кг- ІІ орын;
- Әлдибаев Шыңғысхан 74кг - ІІ орын;
- Тұрғынбай Ғасыр 65 кг -ІІІ орын.
Еркін күресі, жастар арасында:
- Молдашев Ғалымбет 65кг- І орын;
- Түгелбаев Айдос 66 кг -ІІ орын.
Еркін күресі, жасөспірімдер арасында:
- Жанабіл Ершат 54кг -І орын;
- Жамбыл Әділет 63 кг - І орын;
- Тұрғынбай Ғасыр 65 кг -І орын;
- Досжан Абзал 63кг - ІІ орын;
- Амангелді Нұргелді 69кг -ІІ орын.
Грек-рим күресі, ересектер арасында:
- Есжанов Ғабит 66 кг -ІІ орын;
- Әлдибаев Шыңғысхан 75кг - ІІ орын.
Грек-рим күресі, жастар арасында:
- Түгелбаев Айдос 66 кг -І орын;
Молдашев Ғалымбет 66 кг- ІІ орын.
2016 жылдың 28 ақпан күні Тараз қаласы «КазФосфат» спорт кешенінде грэпплингтен Жамбыл облысының чемпионаты өтті.
Аталған жарысқа 218 спортшы қатысты. Командалық есеп бойынша, Тараз қаласының «Мектептен тыс балалар шығармашылығымен айналысатын орталық» командасы І орын, «Номад» ММА Жамбыл облысының федерациясы ІІ орын және СК «Muscle Gym» командасы ІІІ орынды жеңіп алды. Бұл командалар өз дәрежесінде кубоктармен және дипломдармен марапатталды. Екі спортшы Вайнт Никита және Рахматуллин Руслан үздік техникасы үшін кубокпен және дипломмен марапатталып, ерекшеленді.
10-11ж., 12-13ж., 14-15ж., 16-17ж., 18ж және одан үлкен жастағы барлық жеңімпаздар Жамбыл облысының құрама командасы атынан панкратионнан ҚР Чемпионатына және грэпплингтен ҚР Біріншілігіне қатысатын болады.