Еркін және грек-рим күресінен есту қабілеті төмен жасөспірімдер, жастар және ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты

2016 жылдың 25-28 ақпан аралығында Ақтөбе қаласында еркін және грек-рим күресінен есту қабілеті төмен жасөспірімдер, жастар және ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Чемпионатқа Қазақстанның барлық өңірінен 80 спортшы қатысты.

Еркін күрестен жеңімпаз болған Жамбыл облысының спортшылары, Есжанов Ғабит, Дүйсембиев Нұрсұлтан, Сабитов Бағдат, Молдашев Ғалымбет, Жанабіл Ершат, Жамбыл Әділет және Тұрғынбай Ғасыр 2016 жылдың 1-9 мамыр аралығында Тегеран (Иран) қаласында өтетін еркін және грек-рим күресінен Әлем чемпионатына қатысуға жолдамаларын жеңіп алды.

Спортшылардың жеке бапкері: Еркін күрестен Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Қонысбаев Ерназар Дүйсенұлы.

Жалпы командалық есепте еркін күрестен Жамбыл облысының құрама командасы 7 алтын, 5 күміс, 1 қола медальдармен 1 орынды жеңіп алды.

Жарыстың қорытындысы бойынша Жамбыл облысының спортшылары төмендегі нәтижеге қол жеткізді:

Еркін күресі, ересектер арасында:

-         Дүйсембиев Нұрсұлтан 57кг - І орын;

-         Есжанов Ғабит 65 кг -І орын;

-         Сабитов Бағдат 70кг- І орын;

-         Молдашев Ғалымбет 65кг- ІІ орын;

-         Әлдибаев Шыңғысхан 74кг - ІІ орын;

-         Тұрғынбай Ғасыр 65 кг -ІІІ орын.

Еркін күресі, жастар арасында:

-         Молдашев Ғалымбет 65кг- І орын;

-         Түгелбаев Айдос 66 кг -ІІ орын.

Еркін күресі, жасөспірімдер арасында:

-         Жанабіл Ершат 54кг -І орын;

-         Жамбыл Әділет 63 кг - І орын;

-         Тұрғынбай Ғасыр 65 кг -І орын;

-         Досжан Абзал 63кг - ІІ орын;

-         Амангелді Нұргелді 69кг -ІІ орын.

Грек-рим  күресі, ересектер арасында:

-         Есжанов Ғабит 66 кг -ІІ орын;

-         Әлдибаев Шыңғысхан 75кг - ІІ орын.

Грек-рим  күресі, жастар арасында:

-         Түгелбаев Айдос 66 кг -І орын;

Молдашев Ғалымбет 66 кг- ІІ орын.

1 2 3 4 5 6 7

Comments are closed.