Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы Нұрлы жол – болашаққа бастар жол

Құрметті қазақстандықтар! Бүгінде бүкіл әлем жаңа сындармен және қатерлермен бетпе-бет келіп отыр. Әлемдік экономика әлі де жаһандық қаржы-экономикалық дағдарыс салдарынан айыға қойған жоқ. Қалпына келу өте баяу және сенімсіз қадамдармен жүруде, ал кейбір жерлерде әлі құлдырау жалғасуда. Геосаяси дағдарыс пен … Continue reading

Бильярдтан «Кубок Кремля» ІХ-шы халықаралық турнирі

2014 жылдың 6-9 қараша аралығында Мәскеу қаласында, «Олимпийский» спорт кешенінде бильярдтан «Кубок Кремля» 9-шы халықаралық турнирі өтті. Жарысқа Ресей, Украина, Беларусия, Өзбекстан, Қазақстан, Қызғыз Республикасы, Молдава, Әзірбайжан, Балгария, Армения және т.б. мемлекеттерден 239 спортшы қатысты. Қазақстан ұлттық құрамасының сапында: ЕССШ … Continue reading

Жамбыл облысы әкімдігінің 2011 жылғы 29 маусымдағы №215 қаулысымен қабылданған Жамбыл облысындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2011-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында өткен «Сұрақ-жауап» форматындағы семинар-кеңес туралы мәлімет

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы №308 Қаулысымен Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011 - 2015 жылдарға арналған салалық бағдарлама бекітілген. Өз кезегінде, Жамбыл облысы әкімдігінің 2011 жылғы 29 маусымдағы №215 қаулысымен Жамбыл облысындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы … Continue reading

Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты мекемелер мен кәсіпорындары қызметшілері арасында терроризм мен діни экстремизм көріністерінің алдын алу мақсатында өткізілетін семинар-кеңес туралы мәлімет

Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмгеқарсыіс-қимылжөніндегі 2013 - 2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 23 қазандағы № 1141 қаулысымен бекітілген. Өз кезегінде, Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 27 наурыздағы №105 қаулысымен … Continue reading

Волейболдан Жамбыл облысының 75-жылдығына арналған облыс әкімінің Кубогы үшін ардагерлер арасындағы турнирі

2014 жылдың 31 қазан – 2 қараша аралығында «Тараз-Арена» спорт сарайында волейболдан Жамбыл облысының 75-жылдығына арналған облыс әкімінің Кубогы үшін ардагерлер арасындағы турнирі өтті. Осы спорттық жарысқа еліміздің 9 командасы және көршілес 3 мемелекеттің командалары қатысты, атап айтқанда: Ресей Федерациясынан … Continue reading

Ауыр атлетикадан Әлем чемпионаты

2014 жылдың 4-16 қараша аралығында Алматы қаласында ауыр атлетикадан Әлем чемпионаты өтті. Аталған жарыста Жасұлан Қыдырбаев (94кг) - 408 кг (179 жұлқа көтеру және 229 серпе көтеру) салмақты көтеріп, жеңімпаз атанды. Жаттықтырушы: М.Қожахметов.