2017 жылдың 4 наурыз күні Талас ауданы, Қаратау қаласында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай облыс, Тараз қаласы мен аудан әкімдері аппаратының әйел қызметкерлері арасында волейболдан турнир өтті.
Аталған жарысқа 11 командадан 110 спортшы қатысты. Жарыс нәтижесі төмендегідей:
І орын – Мойынқұм ауданы құрама командасы;
ІІ орын – Т.Рысқұлов ауданы құрама командасы;
ІІІ орын – Талас ауданы құрама командасы.