2017 жылдың 17-24 наурыз аралығында Дубай (БАӘ) қаласында жеңіл атлетикадан тірек-қимыл аппараты зақымданған және көру қабілеті төмен паралимпиалық спортшылар арасындағы 9-шы FAZAA Гран При халықаралық жарысы өтті.
Жарысқа 42 мемлекеттен 400-ге жуық спортшылар қатысты. Қазақстан Республикасының намысын паралимпиалық ұлттық құрама команда сапындағы 10 жетекші спортшылар қорғады. Олардың ішінде, 2 спортшы Жамбыл облысының Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубының спортшылары: Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері Әбілхасымқызы Салтанат пен Яковлева Анастасия.
9-шы FAZAA Гран При халықаралық жарысының қорытындысының нәтижелері:
- Әбілхасымқызы Салтанат осы жарыста 100 және 200 метр қашықтыққа жүгіріп 100 метр жүгіруде 16,82 көрсеткіші бойынша 2 орын алды, ал 200 метр жүгіруде 37,23 көрсеткішпен 3 орынды иеленді.
- Яковлева Анастасия екі қашықтыққа қатысып, 100 метр жүгіруде 17,30 көрсеткішімен 5 орыннан және 200 метр 37,94 көрсеткішімен 4 орыннан көрінді.
Осы жарыста жалпы Қазақстан Республикасының құрама командасының қоржынына 2 алтын, 2 күміс және 2 қола медальдарын жеңіп алынды.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының құрама командасы ү.ж. 25-27 наурыз аралығында Шардж (БАӘ) қаласында өткен 7-ші халықаралық ашық жарысына да қатысты. Бұл жарыста Жамбыл облысының спортшысы Яковлева Анастасия 100 метр жүгіруде 17,53 көрсеткішімен жеңімпаз атанды.
Осы жарыстағы Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасының спортшылары 3 алтын, 7 күміс және 1 қола медальдарына қол жеткізді.
Жамбыл облысының спортшыларын дайындаған жеке бапкері, жеңіл атлетикадан Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері Мамашаев Тахир Рахимович.