2016 жылдың 18-20 қараша аралығында Тараз қаласы, «Тараз-Арена» спорт сарайында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай асық атудан және командалық «Ордабасы» ойынынан «Жас Өркен» республикалық турнирі өтті.
Аталған жарыстың асық ату ойынына Астана, Алматы қаласымен Оңтүстік Казақстан, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл облыстарынан 28 ұл, қыз бала қатысты.
Командалық «Ордабасы» ойынына Астана, Алматы қаласымен Оңтүстік Казақстан, Қарағанды, Павлодар және Жамбыл облыстарынан 150 спортшы қатысты.
Асық ату ойынынан төмендегі нәтиже көрсетті:
Жамбыл облысы - І орын.
Астана қаласы - ІІ орын.
Шығыс Қазақстан облысы -ІІІ орын.
Ордабасы командалық ойынынан төмендегі нәтиже көрсетті:
Жамбыл облысы- І орын.
Алматы облысы- ІІ орын.
Павлодар облысы- ІІІ орын.
Қарағанды облысы- ІІІ орын.