Дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы

 Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы

 «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 139 бұйрығына  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11276 болып тіркелген, 2015 жылғы 26 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықтың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 7), 8), 9)-тармақшалармен толықтырылсын:

«7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес «Спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне «мамандандырылған» деген мәртебе беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

8) осы бұйрыққа 8 сәйкес «Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне олардың халықаралық спорттық жарыстарда жарақаттар алуы және мертігуі кезінде өтемақы төлемдерін төлеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес «Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғын үй беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Республикалық және өңірлік спорт федерацияларын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

11-тармақтың бірінші бөлігін мынадай редакцияда жазылсын:

«11. Көрсетілетін қызметті беруші қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымданған кезде шағым көрсетілетін қызметті берушінің www.sport.gov.kz интернет-ресурсындағы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде көрсетілген мекенжайы бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысына не Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, 15 кіреберіс, 263-кабинет мекенжайы бойынша Министрліктің басшысына беріледі, байланыс телефондары: 8 (7172) 740429, 740454.»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Спортшылар мен жаттықтырушыларға өмiр бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

11-тармақтың бірінші бөлігін мынадай редакцияда жазылсын:

«11. Көрсетілетін қызметті беруші қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымданған кезде шағым көрсетілетін қызметті берушінің www.sport.gov.kz интернет-ресурсындағы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде көрсетілген мекенжайы бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысына не Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, 15 кіреберіс, 263-кабинет мекенжайы бойынша Министрліктің басшысына беріледі, байланыс телефондары: 8 (7172) 740429, 740454.»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген спорт шеберi», «Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегi спорт шеберi», «Қазақстан Республикасының спорт шеберi», «Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген жаттықтырушысы» спорттық атақтарын және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi орта деңгейдегi жоғары санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты әдiскер, біліктiлiгi орта деңгейдегi жоғары санатты әдiскер, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты нұсқаушы-спортшы, жоғары санатты ұлттық спорт төрешiсi, ұлттық спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

11-тармақтың бірінші бөлігін мынадай редакцияда жазылсын:

«11. Көрсетілетін қызметті беруші қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымданған кезде шағым көрсетілетін қызметті берушінің www.sport.gov.kz интернет-ресурсындағы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде көрсетілген мекенжайы бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысына не Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, 15 кіреберіс, 263-кабинет мекенжайы бойынша Министрліктің басшысына беріледі, байланыс телефондары: 8 (7172) 740429, 740454.»;

осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 7), 8), 9-қосымшалармен толықтырылсын.

2. «Лотерея қызметі және ойын бизнесі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 140 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11307  болып тіркелген, 2015 жылғы 9 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықтың 1-тармағының 1) тармақшасы алып тасталсын.

осы бұйрыққа 1-қосымшасы алып тасталсын;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Казино қызметімен айналысу үшін лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

11-тармақтың бірінші бөлігін мынадай редакцияда жазылсын:

«11. Қызметті берушінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану кезінде қызметті берушінің интернет-ресурсында көрсетілген мекенжай бойынша: www.sport.gov.kz «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөліміне не мына Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, 15 кіреберіс, 263-кабинет мекенжайы бойынша, байланыс телефондары: 8 (7172) 740429, 740454 Министрліктің басшылығының атына беріледі.»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Ойын автоматтары залы қызметімен айналысу үшін лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

11-тармақтың бірінші бөлігін мынадай редакцияда жазылсын:

«11. Қызметті берушінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану кезінде қызметті берушінің интернет-ресурсында көрсетілген мекенжай бойынша: www.sport.gov.kz «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөліміне не мына Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, 15 кіреберіс, 263-кабинет мекенжайы бойынша, байланыс телефондары: 8 (7172) 740429, 740454 Министрліктің басшылығының атына беріледі.»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Букмекер кеңсесі қызметімен айналысу үшін лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

11-тармақтың бірінші бөлігін мынадай редакцияда жазылсын:

«11. Қызметті берушінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану кезінде қызметті берушінің интернет-ресурсында көрсетілген мекенжай бойынша: www.sport.gov.kz «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөліміне не мына Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, 15 кіреберіс, 263-кабинет мекенжайы бойынша, байланыс телефондары: 8 (7172) 740429, 740454 Министрліктің басшылығының атына беріледі.»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Тотализатор қызметімен айналысу үшін лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

11-тармақтың бірінші бөлігін мынадай редакцияда жазылсын:

«11. Қызметті берушінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану кезінде қызметті берушінің интернет-ресурсында көрсетілген мекенжай бойынша: www.sport.gov.kz «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөліміне не мына Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, 15 кіреберіс, 263-кабинет мекенжайы бойынша, байланыс телефондары: 8 (7172) 740429, 740454 Министрліктің басшылығының атына беріледі.».

3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау үшін осы бұйрыққа қол қоюға уәкілетті тұлғаның электронды цифрлық қолымен куәландырылған осы бұйрықтың көшірмелерін қағаз және электронды түрде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

3) ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4) осы тармақпен қарастырылған іс-шаралар орындалғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәлімет беруді қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы

Мәдениет және спорт министрі                                   А. Мұхамедиұлы

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Информация және коммуникация министрі

___________ Д. Абаев

2017 жылғы «     » _________

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрі

___________ Т. Сулейменов

2017 жылғы «     » _________

Жүктеу

Жүктеу

Жүктеу


Leave a Reply