Дене шынықтыру және спорт саласындағы кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 17 маусымдағы № 169 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 27 шілдеде № 14000 болып тіркелді

«Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 25) және 29) тармақшаларына, сондай-ақ «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін дене шынықтыру және спорт саласындағы бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (Е.Б. Қанағатов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде төлнұсқасына толық сәйкес келетін оның графикалық форматтағы көшірмелерін «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялау үшін жолдауды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрыққа қол қоюға уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электронды және қағаз түріндегі көшірмелерін ресми жариялау үшін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
4) осы бұйрық ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күн ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Мәдениет және спорт министрі               А. Мұхамедиұлы

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы
      Ақпарат және коммуникациялар министрі
      ___________ Д. Абаев
      2016 жылғы 21 маусым

       «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық экономика министрі
      ___________ Қ. Бишімбаев
      2016 жылғы « » _________

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің
2016 жылғы 17 маусымдағы
№ 169 бұйрығына
қосымша

   Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін дене шынықтыру және
спорт саласындағы бұйрықтардың тізбесі

1. «Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 29 шілдедегі № 300 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9675 болып тіркелген, 2014 жылғы 3 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері», «Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері», «Қазақстан Республикасының спорт шебері» және «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы» спорттық атақтарын Қазақстан Республикасының азаматтарына облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органының, спорт түрлері бойынша аккредиттелген республикалық және (немесе) өңірлік спорт федерациялардың ұсынымы бойынша дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) береді.»;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Төрешілер санатынан басқа берілген санаттың қолданыс мерзімі аяқталған соң, жұмыскер оны растауы тиіс.
Расталмаған жағдайда, санат автоматты түрде бір деңгейге төмендейді.»;
24 және 25-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«24. Спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарды беру мәселелерін қарау үшін спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарды беру жөніндегі уәкілетті органда құжаттардың келіп түсуіне қарай Спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарды беру жөніндегі комиссия (бұдан әрі – комиссия) құрылады.
25. Комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды, кемінде бес адамды құрауы тиіс.
Комиссия мүшелері уәкілетті органның өкілдері, ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың басшылары болып табылады. Комиссия Төраға-мүшесі, хатшысы уәкілетті органның қызметкерлері ішінен айқындалады.
Комиссия хатшысы құжаттарды дайындауды және хаттамаларды рәсімдеуді жүзеге асырады. Комиссияның хатшысы комиссия мүшесі болып табылмайды және комиссия шешім қабылданған кезде дауыс беруге құқығы жоқ.»;
27, 28, 29, 30, 31 және 32-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«27. Комиссияның шешімі комиссияның қатысушы мүшелерінің көп даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады.
Комиссияның қандай да бір мүшесі болмаған жағдайда комиссия отырысының хаттамасында оның қатыспаған себебі көрсетіледі. Комиссияның қатыспаған мүшелерін ауыстыруға жол берілмейді.
28. Комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді. Хаттамаға комиссия мүшелері қол қояды.
29. Комиссияның отырысында комиссия ұсынылған құжаттарды қарайды және спортшылар мен жаттықтырушыларға спорттық атақтарды, разрядтарды және жаттықтырушыларға, әдіскерлерге, нұсқаушы-спортшыларға және спорт төрешілеріне біліктілік санаттарын беруді немесе спортшылар мен жаттықтырушыларға спорттық атақтарды, разрядтарды және жаттықтырушыларға, әдіскерлерге, нұсқаушы-спортшыларға және спорт төрешілеріне біліктілік санаттарын беруден бас тартуды ұсынады.
30. Спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беруден бас тартуға мыналар негіздеме болып табылады:
1) Осы Қағидалардың 9, 20, 21, 22, 23-тармақтарында көзделген құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) спортшының, жаттықтырушының, әдіскердің, нұсқаушы-спортшының немесе спорт төрешісінің және (немесе) қажетті ұсынылған деректердің және мәліметтердің осы Қағидалар талаптарына және (немесе) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9902 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 28 қазандағы № 56 бұйрығымен бекітілген Спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беру нормалары мен талаптарына сәйкес келмеуі;
3) спортшыға, жаттықтырушыға, әдіскерге, нұсқаушы-спортшыға және спорт төрешісіне қатысты оның қызметіне немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
4) спортшыға, жаттықтырушыға, әдіскерге, нұсқаушы-спортшыға немесе спорт төрешісіне қатысты соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы, оның негізінде спортшыға, жаттықтырушыға, әдіскерге, нұсқаушы-спортшыға және спорт төрешіге спорттық атақты, разрядты және біліктілік санатты алуға байланысты арнаулы құқығынан айырылу.
31. Спортшы немесе жаттықтырушы спорттық атақты, разрядты және біліктілік санатты беруден бас тарту себептерін жойған жағдайда, спортшының немесе жаттықтырушының осы Қағидалармен белгіленген тәртіппен қайта жүгіну мүмкіндігі бар.
32. Комиссия шешімінің негізінде уәкілетті орган спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарды беруге туралы бұйрық шығарады.».
2. «Спорт федерацияларын аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 121 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10095 болып тіркелген, 2015 жылғы 5 ақпанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Спорт федерацияларын аккредиттеу қағидаларында:
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Спорт федерациясының жарғысы спорт федерациясы мүшелерінің құқықтары мен міндеттерін, оның ішінде спорт федерациясының басқару органдары қабылдайтын шешімдерді орындау міндетін және қаржы қаражатын бөлу тәртібін көздейді.
Спорт федерациясының жарғысы Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін басқа да ережелерді қамтиды.
Қауымдастық (одақ) нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі нысанында құрылған спорттық федерациядан басқа уәкілетті орган республикалық немесе өңірлік спорт федерациясының мәртебесін растау үшін спорт федерациясын тіркеген Қазақстан Республикасының әділет органынан ақпарат сұратады.»;
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«23. Спорт федерацияларын аккредиттеуден бас тартуға мыналар негіздеме болып табылады:
1) осы Қағидалардың 13, 14-тармақтарымен көзделген құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) осы Қағидалар талаптарына спорт федерациясының және (немесе) онда ұсынылған деректердің және мәліметтердің сәйкес келмеуі;
3) уәкілетті мемлекеттік органның спорт федерациясын аккредиттеу үшін талап етілетін келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап;
4) спорт федерациясына қатысты қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
5) спорт федерациясына қатысты соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы, оның негізінде спорт федерациясының спорт федерациясын аккредиттеуді алуға байланысты арнаулы құқығынан айырылуы.»;
мынадай мазмұндағы 24-1-тармақпен толықтырылсын:
«24-1. Спорт федерациясы аккредиттеуден бас тарту себептерін жойған жағдайда, спорт федерациясының осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен қайта жүгіну мүмкіндігі бар.»;
29-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) қауымдастық (одақ) нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі нысанында құрылған спорттық федерациядан басқа спорт федерациясы республикалық немесе өңірлік мәртебесін растамаса;».
3. «Дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 139 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11276 болып тіркелген, 2015 жылғы 26 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Республикалық және өңірлік спорт федерацияларын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10095 болып тіркелген «Спорт федерацияларын аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 121 бұйрығымен бекітілген нысандар бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі спорт федерациясын аккредиттеу туралы куәлік, спорт федерациясын аккредиттеу туралы қайта ресімделген куәлік, спорт федерациясын аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасы (бұдан әрі – аккредиттеу туралы куәлік) не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-1-тармағымен көзделген жағдайларда және негіздемелер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
Порталда – мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін Мемлекеттік корпорацияда алу үшін уәкілетті лауазымды адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырған мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің әзірлігі туралы хабардар ету.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданыс мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.»;
мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:
«9-1. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін мыналар негіздеме болып табылады:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажет көрсетілетін қызметті алушының келісімі туралы сұрау салуға уәкілетті мемлекеттік органның берілген теріс жауабы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы.»;
3-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10095 болып тіркелген «Спорт федерацияларын аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 121 бұйрығымен бекітілген нысандары бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі спорт федерациясын аккредиттеу туралы куәлік, спорт федерациясын аккредиттеу туралы қайта ресімделген куәлік, спорт федерациясын аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасы (бұдан әрі – аккредиттеу туралы куәлік) не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-1-тармағымен көзделген жағдайларда және негіздемелер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
Порталда – мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін Мемлекеттік корпорацияда алу үшін уәкілетті лауазымды адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырған мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің әзірлігі туралы хабардар ету.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданыс мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.»;
мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:
«9-1. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін мыналар негіздеме болып табылады:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнаулы құқығынан айырылуы.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Спортшылар мен жаттықтырушыларға өмiр бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі еркін нысанда өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу туралы хабардар ету не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-1-тармағымен көзделген жағдайларда және негіздемелер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
Порталда – мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін Мемлекеттік корпорацияда алу үшін уәкілетті лауазымды адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырған мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің әзірлігі туралы хабардар ету.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданыс мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.»;
мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:
«9-1. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін мыналар негіздеме болып табылады:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнаулы құқығынан айырылуы.»;
2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген спорт шеберi», «Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегi спорт шеберi», «Қазақстан Республикасының спорт шеберi», «Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген жаттықтырушысы» спорттық атақтарын және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi орта деңгейдегi жоғары санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты әдiскер, біліктiлiгi орта деңгейдегi жоғары санатты әдiскер, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты нұсқаушы-спортшы, жоғары санатты ұлттық спорт төрешiсi, ұлттық спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9675 болып тіркелген «Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 29 шілдедегі № 300 бұйрығымен бекітілген нысандар бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі спорттық атақты беру туралы куәлік, біліктілік санатын беру туралы куәлік немесе спорттық атақты, біліктілік санатын беру туралы бұйрықтың көшірмесі не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-1-тармағымен көзделген жағдайларда және негіздемелер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
Порталда – мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін Мемлекеттік корпорацияда алу үшін уәкілетті лауазымды адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырған мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің әзірлігі туралы хабардар ету.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданыс мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.»;
мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:
«9-1. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуы үшін мыналар негіздеме болып табылады:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін белгілеу;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнаулы құқығынан айырылуы.»;
6-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат, 1-разрядты спортшы cпорттық разрядтарын және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi орта деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi орта деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты нұсқаушы-спортшы, бірiншi санатты спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9675 болып тіркелген «Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 29 шілдедегі № 300 бұйрығымен бекітілген нысандар бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі спорттық разрядты беру туралы куәлік, біліктілік санатын беру туралы куәлік не спорттық разрядты беру туралы, біліктілік санатын беру туралы бұйрықтың көшірмесі не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-1-тармағымен көзделген жағдайларда және негіздемелер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.»;
мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:
«9-1. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуы үшін мыналар негіздеме болып табылады:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнаулы құқығынан айырылуы.»;
4-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік разрядты спортшы спорттық разрядтарын және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9675 болып тіркелген «Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 29 шілдедегі № 300 бұйрығымен бекітілген нысандар бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі спорттық разрядты беру туралы куәлік, біліктілік санатын беру туралы куәлік не спорттық разрядты беру туралы, біліктілік санатын беру туралы бұйрықтың көшірмесі не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-1-тармағымен көзделген жағдайларда және негіздемелер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.»;
мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:
«9-1. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуы үшін мыналар негіздеме болып табылады:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнаулы құқығынан айырылуы.»;
3-қосымша осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің
2016 жылғы 17 маусымдағы
№ 169 бұйрығына
1-қосымша

  «Республикалық және өңірлік
спорт федерацияларын аккредиттеу»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
3-қосымша

Нысан

__________________________________________
(Көрсетілетін қызметті алушының
__________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
__________________________________________
не ұйымының атауы)
__________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)

 Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) филиалының №__ бөлімі (мекенжайы көрсетілсін) мемлекеттік қызмет көрсетуге «Республикалық және өңірлік спорт федерацияларын аккредиттеу» құжаттарды қабылдаудан Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын, атап айтқанда:
Жоқ құжаттардың атауы:
1)_______________________________;
2)_______________________________;
3)….
ұсынбауыңызға байланысты бас тартады.
Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.

Мемлекеттік корпорацияның қызметкері:________________ _________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы)
Орындаушы: __________________________________________ _________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)      (қолы)
Телефон ____________________
Алдым: ______________________________________________ _________
(көрсетілетін қызметті алушының           (қолы)
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
20__ жылғы «___» _________

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің
2016 жылғы 17 маусымдағы
№ 169 бұйрығына
2-қосымша

  «Спортшылар мен
жаттықтырушыларға өмiр бойы ай
сайынғы материалдық
қамсыздандыруды төлеу» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша

Нысан

__________________________________________
(Көрсетілетін қызметті алушының
__________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
__________________________________________
не ұйымының атауы)
__________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)

 Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) филиалының №__ бөлімі (мекенжайы көрсетілсін) мемлекеттік қызмет көрсетуге «Спортшылар мен жаттықтырушыларға өмiр бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу» құжаттарды қабылдаудан Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын, атап айтқанда:
Жоқ құжаттардың атауы:
1)_______________________________;
2)_______________________________;
3)….
ұсынбауыңызға байланысты бас тартады.
Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.

Мемлекеттік корпорацияның қызметкері:________________ _________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы)
Орындаушы: __________________________________________ _________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)      (қолы)
Телефон ____________________
Алдым: ______________________________________________ _________
(көрсетілетін қызметті алушының           (қолы)
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
20__ жылғы «___» _________

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің
2016 жылғы 17 маусымдағы
№ 169 бұйрығына
3-қосымша

  «Қазақстан Республикасының еңбек
сiңiрген спорт шеберi», «Қазақстан
Республикасының халықаралық
дәрежедегi спорт шеберi», «Қазақстан
Республикасының спорт шеберi»,
«Қазақстан Республикасының еңбек
сiңiрген жаттықтырушысы» спорттық
атақтарын және біліктiлiгi жоғары
деңгейдегi жоғары санатты
жаттықтырушы, біліктiлiгi орта
деңгейдегi жоғары санатты
жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары
деңгейдегi жоғары санатты әдiскер,
біліктiлiгi орта деңгейдегi жоғары
санатты әдiскер, біліктiлiгi жоғары
деңгейдегi жоғары санатты нұсқаушы-
спортшы, жоғары санатты ұлттық
спорт төрешiсi, ұлттық спорт төрешiсi
біліктілік санаттарын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына 6-қосымша

Нысан

__________________________________________
(Көрсетілетін қызметті алушының
__________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
__________________________________________
не ұйымының атауы)
__________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)

 Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) филиалының №__ бөлімі (мекенжайы көрсетілсін) мемлекеттік қызмет көрсетуге «Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген спорт шеберi», «Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегi спорт шеберi», «Қазақстан Республикасының спорт шеберi», «Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген жаттықтырушысы» спорттық атақтарын және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi орта деңгейдегi жоғары санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты әдiскер, біліктiлiгi орта деңгейдегi жоғары санатты әдiскер, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты нұсқаушы-спортшы, жоғары санатты ұлттық спорт төрешiсi, ұлттық спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру» құжаттарды қабылдаудан Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын, атап айтқанда:
Жоқ құжаттардың атауы:
1)_______________________________;
2)_______________________________;
3)….
ұсынбауыңызға байланысты бас тартады.
Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.

Мемлекеттік корпорацияның қызметкері:________________ _________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)  (қолы)
Орындаушы: __________________________________________ _________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)      (қолы)
Телефон ____________________
Алдым: ______________________________________________ _________
(көрсетілетін қызметті алушының           (қолы)
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
20__ жылғы «___» _________

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің
2016 жылғы 17 маусымдағы
№ 169 бұйрығына
4-қосымша

  «Қазақстан Республикасының спорт
шеберлігіне кандидат, 1-разрядты
спортшы cпорттық разрядтарын және
біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi
санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi
орта деңгейдегi бірiншi санатты
жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары
деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер,
біліктiлiгi орта деңгейдегi бірiншi
санатты әдiскер, біліктiлiгi жоғары
деңгейдегi бірiншi санатты нұсқаушы-
спортшы, бірiншi санатты спорт
төрешiсi біліктілік санаттарын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына 4-қосымша

Нысан

__________________________________________
(Көрсетілетін қызметті алушының
__________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
__________________________________________
не ұйымының атауы)
__________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)

 Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) филиалының №__ бөлімі (мекенжайы көрсетілсін) мемлекеттік қызмет көрсетуге «Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат, 1-разрядты спортшы cпорттық разрядтарын және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi орта деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi орта деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты нұсқаушы-спортшы, бірiншi санатты спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру» құжаттарды қабылдаудан Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын, атап айтқанда:
Жоқ құжаттардың атауы:
1)_______________________________;
2)_______________________________;
3)….
ұсынбауыңызға байланысты бас тартады.
Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.

Мемлекеттік корпорацияның қызметкері:________________ _________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)  (қолы)
Орындаушы: __________________________________________ _________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)     (қолы)
Телефон ____________________
Алдым: ______________________________________________ _________
(көрсетілетін қызметті алушының         (қолы)
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
20__ жылғы «___» _________

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің
2016 жылғы 17 маусымдағы
№ 169 бұйрығына
5-қосымша

  «2-разрядты спортшы, 3-разрядты
спортшы, 1-жасөспірімдік разрядты
спортшы, 2-жасөспірімдік разрядты
спортшы, 3-жасөспірімдік разрядты
спортшы спорттық разрядтарын және
біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi
санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi
орта деңгейдегi екiншi санатты
жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары
деңгейдегi екiншi санатты әдiскер,
біліктiлiгi орта деңгейдегi екiншi
санатты әдiскер, біліктiлiгi жоғары
деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-
спортшы, спорт төрешiсi біліктілік
санаттарын беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
3-қосымша

Нысан

__________________________________________
(Көрсетілетін қызметті алушының
__________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
__________________________________________
не ұйымының атауы)
__________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)

 Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) филиалының №__ бөлімі (мекенжайы көрсетілсін) мемлекеттік қызмет көрсетуге «2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік разрядты спортшы спорттық разрядтарын және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру» құжаттарды қабылдаудан Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын, атап айтқанда:
Жоқ құжаттардың атауы:
1)_______________________________;
2)_______________________________;
3)….
ұсынбауыңызға байланысты бас тартады.
Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.

Мемлекеттік корпорацияның қызметкері:________________ _________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)  (қолы)
Орындаушы: __________________________________________ _________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)     (қолы)
Телефон ____________________
Алдым: ______________________________________________ _________
(көрсетілетін қызметті алушының         (қолы)
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
20__ жылғы «___» _________
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің “Республикалық құқықтық ақпарат орталығы” ШЖҚ РМК

Comments are closed.