2016 жылдың 18-22 мамыр аралығында Тараз қаласы, «Тараз-Арена» спорт сарайында тірек-қимыл аппараты зақымданған және көру қабілеті төмен мүгедек-спортшылар арасында жүзуден Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді.
Чемпионатқа жалпы 15 құрама командалар: Алматы және Астана қалалары, Ақмола облысы, Алматы облысы, Ақтөбе облысы, Атырау облысы, Батыс Қазақстан облысы, Жамбыл облысы, Қарағанды облысы, Қостанай облысы, Маңғыстау облысы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Павлодар облысы, Солтүстік Қазақстан облысы және Шығыс Қазақстан облыстарынан 90-ға жуық спортшы қатысады.
Чемпионатты өткізуді Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық Паралимпиялық комитеті және Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы бірлесіп жүзеге асырады.
Чемпионаттың мақсаты мен міндеттері:
- Мүгедек-спортшылар арасындағы республикалық спорттық іс-шаралары мүгедектердің әлеуметтік, психологиялық және физикалық жағдайын, салауатты өмір салтын қалыптастыру;
- Қазақстан Республикасының мүгедектер арасындағы спорт және дене шынықтырумен айналысуды насихаттау мақсатында өткізіледі.
- ТҚАЗ және көру мүшесі зақымдалған мүгедектерді спортпен және дене шынықтырумен белсенді шұғылдануға жұмылдыру;
- ТҚАЗ және көру мүшесі зақымдалған мүгедек-спортшылар арасында спорт шеберлігін жетілдіру және спорт резервіне дайындық;
- Жүзу спорт түрінен халықаралық жарыстарға қатысу үшін Қазақстан Республикасының құрама командасын қалыптастыруда жақсы спортшыларды іріктеу.
Қазақстан Республикасының чемпионатының салтанатты ашылуы 2016 жылдың 19 мамыр күні сағат 11.00-де.