Халық Қаһарманы армия генералы Сағадат Қожахметұлы Нұрмағанбетов атындағы Жамбыл облысы жергілікті әскери басқару органдарының арасындағы облыстық спартакиада

2016 жылдың 22 мамырында Тараз қаласы «Тараз-Арена» спорт сарайында Халық Қаһарманы армия генералы Сағадат Қожахметұлы Нұрмағанбетов атындағы Жамбыл облысы жергілікті әскери басқару органдарының арасындағы облыстық спартакиада өтеді.

Спартакиада спорттың 5 түрі бойынша (кіші футбол, волейбол, жүгіру эстафетасы, гир көтеру (абсолюттік салмақта) және арқан тарту) өткізіледі.

Жарысқа барлығы 12 құрама командадан тұратын Жамбыл облысының, Тараз қаласы мен аудандарыдың жергілікті әскери басқару органдарынан 250-ден аса адам қатысуы жоспарда.

Спартакиаданың өткізуіне жалпы басшылықты ұйымдастыру Жамбыл облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті мен Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы жүзеге асырады.

Жарыстың мақсаты – Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Жолдау талаптарын орындау, салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спорт түрлерін дамыта отырып, жеке құрам арасында достық қатынасты орнату, сонымен қатар Жамбыл облысы жергілікті әскери басқару органдарының жеке құрамын бұқаралық спортқа тарту мен дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналасуын қамтамасыз ету.

Жарыстың салтанатты ашылуы 2016 жылдың 22 мамыр күні сағат 10.00-де, «Тараз-Арена» спорт сарайында өтеді.

Comments are closed.