2016 жылдың 21 мамырында Тараз қаласы «Тараз-Арена» спорт сарайында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Мемлекеттiк қызметшілер күніне арналған облыстық спартакиада өтеді.
Спартакиада спорттың 6 түрі бойынша (шағын-футбол, үстел теннисі, жүзу, армрестлинг, шахмат, жеңіл атлетика) өткізіледі.
Спартакиадаға облыстық әкімі аппаратының, Тараз қаласы мен аудандар әкімдігінің, сонымен қатар облыстық басқармалар мен аумақтақ департаменттердің құрама командалары қатысады.
Облыстық спартакиадада 500-ге жуық қызметкер-спортшы қатысатыны жаспарланып отыр.
Облыстық спартакиада өткізудің жалпы үйлестіруін Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрілігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті мен мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері кәсіподағының Жамбыл облысы бойынша филиалы бірлесіп жүзеге асырады.
Спартакиаданың мақсаты – Мемлекеттiк басқару органдары қызметкерлерi арасында бұқаралық спортты дамыта отырып, дене шынықтыру және спортпен жүйелi түрде айналысуға тарту, саламатты өмiр салтын насихаттау және қызметкерлер арасында спорт арқылы достық қатынасты орнату.
Жарыстың салтанатты ашылуы 2016 жылдың 21 мамыр күні сағат 10.00-де.