Еркін күрестен Мемлекет және қоғам қайраткері Д.А.Қонаевты еске алуға арналған ересектер арасындағы халықаралық турнирінің қорытындысы

Еркін күрестен Мемлекет және қоғам қайраткері Д.А.Қонаевты еске алуға  арналған ересектер арасындағы халықаралық турнирінің қорытындысы

 2016 жылдың 26-27 қараша күндері «Тараз-Арена» спорт сарайында Еркін күрестен Мемлекет және қоғам қайраткері Д.А.Қонаевты еске алуға  арналған ересектер арасындағы халықаралық турнирі өтті.

Жарысқа Қазақстан Республикасының және алыс-жақын шет мемлекеттердің құрама командаларынан 151 спортшы қатысты (Ресей, Моңғолия, Қырғызстан, Өзбекстан, Бразилия, Армения, Грузия, Тәжікстан, Қазақстан).  Қатысушылар: 57 кг, 61 кг, 65 кг, 70, 74 кг, 86 кг, 97 кг, 125 кг салмақ дәрежелерінде сынға түсті.

Жарыстың өткiзiлуiне Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті, Қазақстан Республикасы грек-рим, еркін және әйелдер күрес федерациясы, Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы, Жамбыл облысының грек-рим, еркін және әйелдер күрес федерациясыбасшылық етті.

Жарыстың бас демеушісі - «Альтаис груп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

ҚР ұлттық құрама командасы төмендегідей нәтиже көрсетті:

61 кг салмақта – Әміртаев Қуат – 3 орын;

65 кг салмақта – Жұмағазиев Дәурен – 3 орын;

70 кг салмақта - Ақжүрек Таңатаров - 1 орын;

86 кг салмақта – Нұржумбаев Есболат – 3 орын;

86 кг салмақта Дауланбаев Әділет – 2 орын;

125 кг салмақта – Іңкәр Ермұхамбет – 3 орын.


Leave a Reply