«Спорт күні» кәсіби мерекесіне арналған спорт мекемелері қызметкерлері мен мамандары арасындағы кіші футболдан және үстел теннисінен облыстық турнирі

2015 жылдың 14 тамыз күні Тараз қаласы «Тараз-Арена» спорт сарайында «Спорт күні» кәсіби мерекесіне арналған спорт мекемелері қызметкерлері мен мамандары арасында кіші футбол және үстел теннисінен облыстық турнир өтті.

Турнирге қаладағы 16 спорт мекемесінің қызметкерлері қатысты. Жарысқа барлығы 200-ге жуық спорт мамандары қатысты.

Жарыстың ашылу салтанатында үздік спорт мамандары мен қызметкерлері құрмет грамотасы және алғыс хаттармен марапатталды.

Жарыс қорытындысы бойынша футбол ойыны бойынша анықталған жеңімпаз командалар:

  1. орын - №5 облыстық футболдан мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің командасы

  1. орын – олимпиада жеткіншектерін даярлау орталығының командасы

  1. орын - №2 облыстық мамандандырылған олимпиада жеткіншектерін даярлайтын балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің командасы

ҮСТЕЛ ТЕННИСІ

1 – орын - №1 облыстық мамандандырылған олимпиада жеткіншектерін даярлайтын балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің командасы

2 – орын -№4 велосипед және су спорты түрлерінен облыстық олимпиада жеткіншектерін даярлайтын балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің командасы

3 - №3 облыстық мамандандырылған олимпиада жеткіншектерін даярлайтын балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің командасы

 

Comments are closed.