2019 жылдың 7 наурыз күні Тараз қаласы «Тараз-Арена» спорт сарайында 8 – наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған мемлекеттік қызметші әйелдер арасындағы волейболдан облыстық турнир өтеді.
Жарысқа 10 ауданнан және Тараз қаласынан жасақталған 15 командадан 150-ге жуық спортшы арулардың қатысуы жоспарлануда.
Аталған жарысты ұйымдастырып өткізуге басшылықты Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті бірлесе жүзеге асырады.
Жарысты өткізудің негізгі мақсаты спортпен жүйелі түрде шұғылданушы мемлекеттік әйел қызметшілер қатарын арттыру, мемлекеттік әйел қызметшілер арасында салауатты өмір салтын насихаттай отырып, жеке құрам арасында достық қатынасты орнату.
Жарыстың салтанатты ашылуы 2019 жылдың 7 наурыз күні сағат 10.00-де.