Жамбыл облысы әкімдігінің жергілікті атқарушы органдардың бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

Жалпы конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар:

D-О-4 санаты үшін: жоғары білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Жұмыс тәжірибесі: қажет етілмейді. 

Әкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің лауазымдық жалақысы 

Санаты

Еңбек өтіліне байланысты қызметтік еңбек ақысы

теңгеден

теңгеге дейін

D-O-4

83 282

112 431

 

 

 

 

Жамбыл облысы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (индекс 080008, Тараз қаласы, Абай даңғылы, №125, 505, 511 бөлмелер, анықтама үшін телефондар: 8(7262)453468, 433630, 433675, факс: 432517, e-mail: [email protected]) бос тұрған «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының қаржы-шаруашылық бөлімінің бас маманы, 1 бірлік, санаты D-О-4, №5-2.

Функционалдық міндеттері: бөлімнің алдағы және ағымды жоспарларын әзірлеуге қатысады. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің нұсқауларына сәйкес облыстық бюджеттің орындалуы туралы бухгалтерлік есеп пен бухгалтерлік жүйені жүргізеді. Аппараттың бухгалтерлік есеп жөніндегі жеке қаржы жоспарын Қазақстан Республикасының қаржы министрлігінің нұсқамаларына сәйкес жүргізілуін қамтамасыз етеді. Басқарма бағынысындағы мекемелер мен кәсіпорындардан айлық, тоқсандық, жылдық есептерін алу және ақпараттық жүйеде (компьютерде): бюджеттің орындалуы жайлы айлық есеп, кредиторлық қарыз туралы есеп пен дебиторлық есептің  жиынтығын жинап, облыстық Қазынашылық басқармасымен 420 нысаны бойынша жинақталған ведомостарды алып, сәйкестігін салыстырады. Басқарманың жеке қаржы жоспарларына сәйкес дене шынықтыру және спорт басқармасының қызметін қамтамасыз етеді, облыстық деңгейде  спорттық жарыстарды өткізу, әртүрлері спорт түрлері бойынша облыстық құрама командаларының  мүшелерін дайындау және олардың республикалық және халықаралық спорт жарыстарына қатысуы жөніндегі бағдарламалардың орындалу жөніндегі іс-шаралардың қаржылық және есептік құжаттарын әзірлейді. Бухгалтерлік есеп және есептілік жүргізу бойынша және жеке қаржылық жоспарларының орындалуы жөнінде  басқарма бағынысындағы спорт мекемелері мен кәсіпорындарына әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді. Басқарманың жеке қаржылық жоспарларын дайындап оларға өзгерістер енгізу туралы анықтамаларды әзірлейді. Басқарма бағынысындағы спорт мекемелері мен кәсіпорындарынан ағымды және жылдық есептерін алады, оларды қарайды, қорытынды жасайды және дұрыстығын қадағалайды, олардағы тауарлы материалдық құндылықтардың, негізгі құралдарды есептен шығару құжаттарын дайындайды. Дене шынықтыру мен спортты дамыту стратегиясы, мемлекеттік, салалық бағдарламалар аясында спортты дамытудың өңірлік бағдарламасын әзірлейді және есебін жасайды. Басқарма мен басқармаға қарасты спорт мекемелері мен кәсіпорындарының бюджет жобасын әзірлеу жұмыстарын қадағалайды және  шығыс сметасы бойынша жиынтық жоспарын құрады, олардың бюджеттік өтінімдеріндегі ақпарат пен есеп-қисаптардың толықтығын және дұрыстығын қамтамасыз етеді. Спорт мекемелері мен кәсіпорындарының тарификация өткізу және дұрыстығы мен толықтығын қадағалайды. Басқарма бағынысындағы спорт мекемелері мен кәсіпорындарындағы штаттық бірлік, құрылым және оқушылардың саны туралы мәліметті функциональдық  топтарға сәйкес ақпараттық жүйеде жыл сайын жинақтайды. Басшылардың бұйрықтары мен өкiмдерiн, жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдардың өз өкiлеттiгi шегiнде шығарған шешiмдерi мен нұсқауларын орындайды. Басқарма туралы Ережеге сәйкес  жүктелген міндеттер мен функцияларың орындалуына жеке жауап береді. Басқарманың әріптестер алқасының мәжілісіне бухгалтерлік есеп және есеп жүргізу бойынша күн тәртібіне мәселелер енгізеді.  Басшылық тапсырған өзге де қызметтерді атқарады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында. Мамандығы: экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексін, Еңбек Кодексін, Салық кодексін, «Дене шынықтыру және спорт туралы», «Білім туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын және осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.Қазақстан Республикасының қаржы-экономикалық саясатының негізгі бағыттарын және бухгалтерлік есеп пен есептілік негіздерін білу.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш (бұдан әрі-Қағида);

2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

3) 3х4 үлгідегі суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;

4) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

7) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

8) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

9) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Конкурска қатысуға құқық беретін сертификатты алу үшін D-О-4 санаты бойынша келесі тестілеуді бағдарламасы қарастырылған:  мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма), логикалық тапсырма (10 тапсырма), ҚР Конституциясын (15 сұрақ), «ҚР Президенті туралы» (15 сұрақ) ҚР конституциялық заңы, «Мемлекеттік қызмет туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (15 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ), «ҚР жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ) ҚР Заңдарың білуге арналған тест.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 7 жұмыс күннің ішінде мына мекен-жай бойынша тапсырылуы тиіс: 080008, Тараз қаласы, Абай даңғылы, №125 үй,  505, 511 –іс бөлмелер, анықтама телефондары: 45-34-68, 43-36-30, 43-36-75, факс:43-25-17, e-mail: [email protected].

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекен жайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күні бұрын кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейiн, құжаттарды қарау қорытындысы бойынша әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, әңгімелесуге жіберілгені туралы хабар алған күннен бастап үш жұмыс күн ішінде жоғарыда көрсетілген мекен-жайында орналасқан мекемеде әңгімелесуден өтеді.

Конкурс комиссиясының үміткерлермен әңгімелесу отырысына байқаушылар қатыстырылуы мүмкін.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурс комиссиясы шешiмiмен келіспеген жағдайда шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде уәкiлеттi органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде шағымдана алады.

Comments are closed.