Бүгін: 23.11.2021
Дені сау ұлт бәсекеге қабілетті деп атауға болады. Сондықтан, біздің мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағыттарының бірі бұқаралық спорт қозғалысын кеңейту болып табылады.Н.Ә. Назарбаев

Тараз қаласы 

17 қаңтар 2018 жыл

 

 

Құрметті есепті жиналысқа қатысушылар!

Құрметті Ерқанат Нұрбапаұлы!

 

Облыс әкімідігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы өткен 2017 жылы жоспарлы жұмыстар жүргізіп, жылды табысты аяқтап отыр.

 

2017 жылдың қорытындысы бойынша облыста дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар қатары 319,6 мың адамды немесе 28,6% ды құрады (өткен жылмен салыстырғанда 21,9 мың адамға немесе 1,9 %-ға өсті).

Сонымен қатар дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданатын 14 жастан 29 жасқа дейінгі жастар саны 139,6 мың адамға жетті.

Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 9,2 мың адамға өсті.

Сонымен қатар, спортпен жүйелі түрде шұғылданатын дене мүмкіндігі шектеулі адамдар қатары 2814 адамды немесе 7,0% құрап, 1193 адамға өсіп отыр.

Өткен жылы облыс бойынша дене мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында 78 спорттық іс-шара ұйымдастырылып, оған 1616 адам  қатысты.

Жалпы, өткен жылдың қорытындысы бойынша облыста 3047 спорттық іс-шара ұйымдастырылып, аталған іс-шараларға 589,6 мыңнан астам адам тартылды.

Қазіргі таңда спорт нысандарының жалпы саны 643 құрап отыр. Сонымен қатар қосымша жазықтықтағы құрылғылар мен басқа да 1464 спорт нысандары спортпен тұрақты айналысушылар игілігінде болды.

Бүгінгі күнге қолжетімді 1251 спорт нысаны (оның 410-ы Тараз қаласында, 841-і аудандарда) анықталды. 2016 жылмен (1024 нысан) салыстырғанда 227-ге  өсті.

Сондай-ақ, 2017 жылы өңірде 6 спорт нысанының құрылысы басталып, оларды биылғы жылы қолданысқа беру жоспарлануда.

Олардың қатарында:

- №1 облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне 3 ангарлық типті спорт залы;

- Тараз қаласында №4 облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіндегі велосипед базасы;

- Қордай, Байзақ, Т.Рысқұлов және Талас аудандарында дене шынықтыру және сауықтыру кешендері бар.

Жыл сайынғы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы тестілеріне 2017 жылдың қорытындысы бойынша облыс тұрғындарының 33,0 % немесе 368,4 мың адам қатысты. Оның ішінде Президенттік деңгейді 7958 адам және Ұлттық деңгейді 21 902 адам орындады.

2017 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында 6 жоба іске асырылып, оған 5422 мың теңге қаржы жұмсалды.

 

 Құрметті есепті жиналысқа қатысушылар!

 

Бүгінгі таңда облыста 45 спорт мекемесі жұмыс атқарады.

Осы спорт мекемелерінде спорттың 43 түрі қамтылған. Оның ішінде 22 олимпиадалық, 12 олимпиадалық емес және 9 ұлттық спорт түрі бар.

Облыстағы спорт мекемелерінде 24 065 спортшы (15296 спортшы ауылдық спорт мектептерінде)  900 оқытушы-жаттықтырушы бар.

Қазіргі таңда облыстан Қазақстан Республикасы Ұлттық құрама командалар құрамында 558 спортшы еніп отыр (ересектер-203, жастар-178, жасөспірімдер-177).

2017 жылы 145 спортшы ҚР спорт шебері, 11 спортшы ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері,  5 спортшы «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері» және 4 төреші «Ұлттық дәрежедегі төреші» атақтарына ие болды.

Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының құрамына енген спортшылар мен жаттықтырушыларға жеткен жетістіктеріне сәйкес ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшері өсіп, қайта бекітілді.

Өткен жылы 1387 медальға қол жеткізілді. Оның ішінде: Әлем, Азия чемпионаттары мен Кубогында 242 медальға (104 алтын, 63 күміс және 75 қола), Қазақстан Республикасы чемпионаттары мен Кубоктарында 854 медальға (332 алтын, 248 күміс және 274 қола) және халықаралық турнирлерде 291 медальға (141 алтын, 61 күміс және 89 қола) ие болды.

Өткен жылмен салыстырғанда 348 медальға өскен.

2017 жылы спорт саласының дамуына облыстық бюджеттен 9 509,5 млрд. теңге бөлінді. (2016 жылы 6 948,1 млрд.теңге)

Сонымен қатар, өткен жылы бұқаралық спортты дамытуға Тараз қаласы мен аудандар тарапынан 230,7  млн. теңге бөлінді.

Бұл көрсеткіш 2016 жылмен (146,4 млн.теңге) салыстырғанда 84,3 млн. теңгеге артып отыр.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласына байланысты «Рухани жаңғыру» бағдарламасын облыс көлемінде жүзеге асыру мақсатында «Рухани қазына» кіші бағдарламасы бойынша 2 кіші жоба және  «Атамекен» кіші бағдарламасы бойынша 1 жоба облыстық реестрге енгізіліп 2017 жылы жүзеге асырылды. Олардың қатарында:

1) Командалық «Алаңдағы тоғызқұмалақ» ойыны;

2) «Аула ойындары» фестивалі;

3) Еркін күрестен Халықаралық турнирі  бар.

 

Есепті кезеңде басқарма спорт мекемелері қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, «нөлдік»  төзбеушілікті қалыптастыру және жол бермеу әрекеттері бойынша бірқатар жоспарлы шараларды іске асыруды қамтамасыз етті.

 

Құрметті әріптестер!

Атқарылған жұмыстармен қатар күрделі мәселелер де жетерлік. Атап айтқанда:

  1. Бүгінгі танда Жамбыл, Меркі аудандарының орталығында спорт кешендері жоқ, Шу ауданы Төлеби ауылына және Байзақ ауданы Түймекент ауылына спорт кешендерін салу қажет.
  2. Ауылдық округтерде нұсқаушы-әдіскер бірліктерін ашу жұмыстары толықтай іске асырылмаған - аудандардың ауылдық округтерде арнайы білімі бар нұсқаушы-әдіскер бірліктері өткен жылы 102 нұсқаушы-әдіскер жұмыс атқаруда. Мысалы Шу (18) және Сарысу (9) аудандары әдіскер-нұсқаушы бірліктерін толығымен қысқартып отыр. Ал Байзақ пен Мойынқұм аудандарында толығымен ашылмаған (Байзақ -9, Мойынқұм - 16 ашу қажет).
  3. Тараз қаласы мен аудандарда аула клубтары жүйесін кеңейту қажет – облыс бойынша спорт секциялар бар 17 аула клубы жұмыс атқарады. Байзақ пен Шу аудандарында аула клубтары жоқ. Тараз каласымен қалған 6 ( Жамбыл, Жуалы, Меркі, Мойынкұм, Талас, Сарысу) аудандарда спорт түрлері бар аула клубтарын қосымша ашу қажет. Ал Қордай мен Т.Рысқұлов аудандарда аула клубтарында қарапайым спорт түрлерін (лянгі, қалашық, асық ату және т.б.) енгізу қажет;
  4. Тұрғындар көп шоғырланған елді-мекендерде шығынды аз талап ететін спорт алаңшаларын салу жұмыстары толық қамтылмаған - аудан саябқтарында, демалыс орталықтарында және халық көп шоғырланған елді мекендерде шығынды аз талап ететін «Street workout» (қарапайым көше жаттығулары алаңшалары) спорт алаңшаларын салу (турник, брусья, баспалдақ және т.б)«Рухани жаңғыру «Туған жерге туыңды тік» мақаласы аясында қарастыру  қажет.
  5. Бұқаралық спортты дамытуға бөлінетін қаржы көлемі жекелеген аудандарда ұлғайтуды талап етеді - Мойынқұм, Меркі және Жамбыл аудандарында қаржы өз деңгейінде бөлінбей отыр.

 

Құрметті есепті жиналысқа қатысушылар!    

Құрметті әріптестер!

 

Басқарма алдағы уақытта облыстың спорт мекемелері басшылары мен жаттықтырушылардың назарына  бірқатар маңызды міндеттер жүктей отырып, Тараз қаласы мен аудан әкімдіктерінің дене шынықтыру және спорт бөлімдеріне ұсынады:

  1. Облыста спорттың бұқаралық түрлерінен өткізілетін жарыстар қатарын көбейтуге үлкен мән беруді;
  2. Ұйымдар, кәсіпорындар мен мекемелер қызметкерлерінің жүйелі түрде спортпен айналысу жұмыстарын жандандыруды;
  3. 2018 жылғы өткізілетін спорттық шараларды «Астана қаласының 20 жылдығына» арнап «Астанаға – 20 спорттық шара» атты ұранмен өткізуге басымдықтар беру. Оның ішінде облыстың барлық елді мекендерде мерекелік бұқаралық спорт жарыстарын, спартакиадалар, ұлттық ат спорты ойындарын өткізу және спорттық-көпшілік шараларын ұйымдастыруды;
  4. 2020 жылы Токиода өтетін жазғы Олимпиадалық ойындарға үміткерлерді іріктеу мен дайындау жұмыстарын бүгінгі күннен қолға алып, аса талантты деген спортшыларды түрлі халықаралық жарыстарда сынақтан өткізу және спорттық тәжірибе жинақтау мен шыңдалу жұмыстарын кешенді түрде жүргізуді.

 

Құрметті әріптестер!

 

Көріп отырсыздар облыстың, Тараз қалалық және аудандық спорт бөлімдері мен спорт мекемелері алдында  осындай маңызы зор, мәртебесі жоғары нақты міндеттер тұр.

Біз алдағы жылдары спорттық жетістіктерімізді молайта отырып, спорттың бұқаралық жолдарын белсенді түрде дамытуымыз қажет.

Сондықтан, басқарма облыс әкімдігін алдағы уақытта да өңір спортын, оның ішінде бұқаралық спортты барынша дамыту үшін қолдан келгеннің бәрін жасап, өз жұмысын жоспарлы, әрі мақсатты түрде жүргізеді деп сендіруге рұқсат етіңіздер.

Назарларыңызға рахмет.

 
 
 
 

Басшы блогы

Жүнісбеков Нұрбол Әбдімажитұлы

Байланысу

Басқарма басшысының орынбасары – Мұқанов Бекболат Қабылханұлы

45-86-18

Басқарма басшысының орынбасары –

Жолдасбеков Нұржан Қырықбайұлы

43-00-69

Азаматтарды қабылдау Салықбаева Қарлығаш Әшірбайқызы

45-31-69

Сенім телефоны

9.00-19.00 дейін, 51-71-95

Адрес:Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі 72

Индекс 080000

Сенім телефондары