Көгалдағы хоккейден республикалық турнир

2015 жылдың 29 сәуір мен 4 мамыр аралығында Тараз қаласындағы «Тараз-Арена» спорт сарайында көгалдағы хоккейден 1999-2000 ж.т. жасөспірімдер арасында Кеңес Одағының батыры, даңқты жауынгер, дивизия қолбасшысы – Б.Момышұлын еске алуға және Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына арналған республикалық турнирі өтті. Жарысқа 10 командадан барлығы 160 спортшы қатысты.

Турнир қорытындысы бойынша ұлдар командасынан:

1 орынды – Тараз қаласы,

2 орынды – «Бесарыс» хоккей клубы, Талдықорған қаласы,

3 орынды – Астана қаласы иеленді.

Қыздар командасынан:

1 орынды – «Бесарыс» хоккей клубы, Талдықорған қаласы,

2 орынды – Алматы облысы,

3 орынды – Тараз қаласы иеленді.

Жаттықтырушы: Серік Нақыпов.

 

Comments are closed.