Көкпардан және жамбы атудан халықаралық турнир

2016 жылдың 15-20 қараша аралығында Шымкент қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Мемлекет қайраткері, Социалистік Еңбек Ері Асанбай Асқаровты еске алуға арналған көкпардан және жамбы атудан  халықаралық турнирі өтті.

Аталған турнирге Алматы қаласы мен Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Атырау облыстарының және Қытай, Өзбекстан командалары қатысты.

Жарысқа Жамбыл облысынан «Әулие-ата» командасы қатысып, төмендегідей нәтиже көрсетті.

Көкпардан: «Әулие-Ата» командасы – ІІ орын;

Жамбы атудан: Бадашов Елдос -  ІІ орын.


Leave a Reply