2016 жылдың 1 наурыз «Алғыс айту» күні мерекесі Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасында аталып өтілді. Басқарма басшысы Қайнарбеков Гамлет Төреханұлы спорт ардагерлеріне облыстың спортына қосқан қомақты үлестеріне алғыс білдіріп, құттықтау қағаздары мен гүлдерді табыстады.
Мерекелік шараға 11 спорт ардагері, 14 спорт басқармасының қызметкері және Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.