«Қазақстан Барысы» республикалық турнирінің Жамбыл облысындағы іріктеу жарысы

2015 жылдың 22 сәуір күні Тараз қаласы «Тараз-Арена» спорт сарайында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына орай Қазақстан Республикасы Президентінің жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» республикалық турниріне Жамбыл облысының іріктеу жарысы өтті.

Жарысқа Тараз қаласы мен аудандардан іріктелген 20 балуан қатысты.

Үстіміздегі жылдың ақпан-сәуір айлары аралығында, ауыл аймақтарында, аудандарда және Тараз қаласында жарыстардың іріктеу кезеңдері өтіп, аталған жарысқа барлығы 1500-ден аса спортшы қатысты.

Облыстық жарысқа аудандардан және Тараз қаласынан 1 және 2 орын алған 2 балуан қатысты (Түйе балуан 82 кг-дан жоғары).

Жарысты Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы, «Нұр Отан» партиясының Жамбыл облыстық филиалы және облыстық «Қазақ күресі» ассоциациясы ұйымдастырып өткізді.

Жарыстың мақсаты – Астана қаласында өтетін Республикалық турнирге қатысуы, салауатты өмір салтын насихаттау, қазақ күресін дамыту болып табылады.

Жарыс қорытындысы бойынша:

І орын - Айтбек Айбол (Тараз қаласы);

ІІ орын – Ыстыбаев Бейбіт (Тараз қаласы);

ІІІ орын - Абишев Жасұлан (Жамбыл ауданы);

ІІІ орын – Әділбеков Бегімхан (Мойынқұм ауданы).

Облыстық турнирден І-ІІ орын алған балуандар 2015 жылы 5 шілдесінде Астана қаласында өтетін Қазақстан Республикасы Президентінің жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» республикалық турниріне қатысады.

Comments are closed.