«Денсаулық фестивалі-2016» акциясын өткізу бойынша мәлімет

Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы «Денсаулық фестивалі-2016» акциясының  аясында Тараз қаласының әртүрлі мекемелерінде «Денсаулық» күніне орай «Біз чемпиондармыз» тақырыбы бойынша өткен шахмат, дойбы және жеңіл атлетикалық жүгіріс спорт түрлеріне қатысты төрешілермен және спорт жабдықтарымен қамтамасыз етіп, жарыстардың жоғары деңгейде өтуіне ықпал жасады.

Сонымен қатар, «Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубы» кәсіпорнының қызметкерлері мен спортшылары, 2012 жылғы Олимпиада ойындарының еркін күрестен қола жүлдегері Ақжүрек Таңатаровтың қатысуымен дөңгелек үстел өткізді. №1,2,3,4,5,6,7 олимпиада жеткіншектерін даярлайтын мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектептері, Қазақ күресі клубы, Жамбыл бокс клубы, Тараз футбол клубы, Олимпиада жеткіншектерін даярлау орталығы тағы басқа мекемелер таеквондо, каратэдо, дзюдо, грек рим, футбол, еркін күрес, қазақ күресі, суға жүзу, жеңіл атлетика, ауыр атлетика, бокс спорт түрлерінен жарыстар мен шебер сынып сағаттары ұйымдастырылды. Аталған спорттық іс-шараларға барлығы 776 адам қатысты.

«Денсаулық фестивалі-2016» апталығы ішінде Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы бірігіп 10 минут өндірістік гимнастика ұйымдастырды. Сонымен қатар №1,2,3,4,5,6,7 олимпиада жеткіншектерін даярлайтын мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектептері, Қазақ күресі клубы, Жамбыл бокс клубы, Тараз футбол клубы, Олимпиада жеткіншектерін даярлау орталығы 10 минут өндірістік гимнастика өткізді.

Comments are closed.