№ 1 cпорт мектебі

толық атауы «Жамбыл облысы әкімдігінің туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы № 1 облыстық мамандандырылған олимпиада жеткіншектерін даярлайтын балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
құрылу күні 1963 жыл
қызметкердің саны Қазіргі таңда ұжымда 73 адам жұмыс атқарады, оның ішінде 43 оқытушы-жаттықтырушы жұмыс істейді. Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген жаттықтырушы — 5 адам, жоғары санатты — 10 адам, бірінші санатты — 21 адам.

№ 1 Облыстық олимпиада жеткіншектерін даярлайтын спорт мектебінің 40 жылдан астам тарихы бар 01.09.1963 ж., республикамызға танымал үлкен ұжым. Мектеп директоры Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Жартыбаев Сәлкен Қалдыбекұлы.

Мектепте барлығы 14 спорт түрі бойынша — 1 ҚР еңбек сіңірген спот шебері, 11 халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері, 41 ҚР спорт шебері, 185 ҚР спорт шеберлігіне үміткер жаттығуда.

Спортшылардың саны 472 негізгі құрамда, 430 қосалқы құрамында спортпен шұғылдануда.

Мектептің түлектері Әлем, Азия чемпионаттарында Еліміздің намысын қорғап жүрген спортшылар, жас талантты спортшыларымыз Қазақстан Республикасының Чемпионаттарын, сонымен қатар Еуропа, Азия, Әлем ареналарын бағындырып Республикамыздың туын көкке көтеріп жүр.

Қол күресінен Әлем чемпионатының 3 (үш) дүркін жеңімпазы 2007–2009 ж., Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген спортшы — Джусупов Мамед, Әлем чемпионатының жеңімпаздары — Тарасова Антонина, Фараджов Вали, Трубин Дмитрий. Азия Чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері: Балашов Александр, Захарченко Антонина, Кунтуғанова Жұлдыз, Талғат Жандос. Спортшыларды дайындаған Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген жаттықтырушы — Алиев Ахмед Ибрагимович.

Регбиден 2010 жылы Жазғы Азия ойындарының жеңімпазы Нурматова Нигора. Азия чемпионатының жеңімпаздары, халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері — Назина Светлана, Тканова Мария, Шипунова Алена, Рогачева Елена, Бахтигузина Ольга, Нурматова Нигора, Мамашаева Зухра, Солодилова Елена, Батербаева Жанна. Спортшыларды дайындаған Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген жаттықтырушы Приониди Иван Дмитриевич.

Бокстан 2010 ж. Әлем чемпионатының қола жүлдегері Абдуғаниев Арбек, бапкері Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген жаттықтырушы Сариев Арал. Әйелдер арасында Азия чемпионатының қола жүлдегері, Қазақстан Республикасының 3 (үш) дүркін жеңімпазы, ҚР спорт шебері — Аскарова Айгерім, бапкері Ертаев Ермек Әлімбекұлы. Қазақстан Республикасының чемпионатының 2 (екі) дүркін жеңімпазы Оспанов Мақсат, бапкері Бердімбетов Мухтар, ересектер арасында Қазақстан Республикасының Спартакиадасының жеңімпазы Исақұлов Азамат, бапкері Қондыбаев Қасымбек.

Каратэ-додан 2010 ж. жасөспірімдер арасында Әлем чемпионатының, Азия чемпионатының жеңімпаздары, жүлдегерлері — Нұрболдыұлы Нұрбек, Дүзгенбаев Қуаныш, Жәнібек Нұраш жаттықтырушылары Нарметов Болатжан Қалмахамбетұлы, Валиева Гүлнар.

Таеквондодан 2010 ж. Турция мемлекетінде өткен Азия чемпионатының жүлдегері Дулатова Рахат, Әлем чемпионатының жүлдегері Әбибулла Жансая, Төлепбергенова Маржан, Қазақстан Республикасының Чемпионатының жеңімпазы Есмырзаева Альмира жаттықтырушысы — Қабаев Нұрдаулет Байжомартұлы.

Грек-рим күресінен 2010 ж. Азия чемпионатының жеңімпазы Сарсенбиев Жансерік, бапкері Удербаев Нұрлан. Лицензиялық турнирдің жеңімпазы, жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының Чемпионатының жеңімпазы Өмірзақ Абунасыр, бапкері Даулбаев Нұрлыбек.

Акробатикадан 2011 ж. Әлем чемпионатының жеңімпазы Еділбаев Рахат, дайындаған Синельникова Елена Евстафьевна. 2009 2011 ж.Ищенко Антон, Ищенко Никита, Қазақстан Республикасының Чемпионатының жеңімпаздары мен жүлегерлері Пак Ирина, Передереева Виктория, Мушекенова Назерке, Жумабаев Жантөре, Серікбаева Назгүл, бапкерлері Симагина Татьяна, Разматова Надежда және Назарова Ольга.

Дзюдо күресінен 2010 ж. Азия чемпионатының жеңімпазы Жарманова Мөлдір. Қазақстан Республикасының жастар арасындағы чемпионатының жеңімпазы мен қола жүлдегерлері Жумаханов Елдос, Жартыбаев Аманғали, Шасабиров Шаислам — бапкері Севостьянов Михаил.

Самбо күресінен Жартыбаев Аманғали жастар арасында 2009 ж. Азия Чемпионы, Әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Қазақстан Республикасының чемпионатының қола жүлдегері Абишов Жасулан, бапкері Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген жаттықтырушы Қапалбаев Серікбай Бейсенұлы.

Қазақ күресінен 2011 ж. жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионатының жеңімпазы Ораз Нұрдәулет, бапкері Изтлеуов Мақсат. Әбішов Жасұлан ересектер арасында 2010 жылы ҚРЧ, ҚР Кубогында, ҚР халық ойындарында қола жүлдегер атанған, бапкері Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген жаттықтырушы Қапалбаев Серікбай Бейсенұлы.

байланыс ақпараты

Койгелды к.,  9, Тараз қ.
тел.: +7 (7262) 51‑00‑35
Жартыбаев Салькен Қалдыбекович

Comments are closed.