Жүзуден Ресей Федерациясының ашық кубогы

2014 жылдың 10-11 желтоқсан аралығында Дзержинск қаласында жүзуден тірек-қимыл аппараты зақымданған мүгедек-спортшылар арасындағы Ресей Федерациясының ашық кубогы өтті.

Жарысқа Ресей (37) және Қазақстаннан (1) 38 команда қатысып, 200-ге жуық жүзушілер қатысты .

Еліміздің намысын Астана, Қарағанды, Павлодар және Жамбыл облыстарынан 9 спортшы қорғады (8 ер, 1 әйел).

Екі күндік жарыста Қазақстан Республикасының құрама командасынан жүлделі орындарға тек Жамбыл облысының спортшысы, Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Әлем чемпионатының күміс және қола жүлдегері (2013 ж), ПараАзия ойындарының жеңімпазы (2014 ж) Зульфия Габидуллина ілінді. 50 метр еркін жүзу қашықтығында – 2 орын, 50 метр брасс жүзуінде - 2 орын, 100 метр еркін жүзу қашықтығында 3 орынды иеленді.

З.Габидуллина Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы «Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубында» Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Бейсембаев Саттар Ерғалиұлының қол астында жаттығады.

Comments are closed.