Зульфия Габидуллина- паралимпиада ойындарының чемпионы

2016 жылдың 7 – 18 қыркүйек аралығында Рио де Жанейро (Бразилия) қаласында XV Жазғы Паралимпиалық ойындары өтті.

Аталған жарысқа әлемнің 176 елінен 4350 паралимпиалық спортшылар қатысты.

Зульфия Габидуллина XV Жазғы Паралимпиалық ойындарында 100 м еркін жүзу қашықтықта 1:30.07  көрсеткішпен Әлем рекордын жаңартып,  ел тарихында тұңғыш рет Паралимпиада чемпионы атанып, алтын медаль иеленді.

Comments are closed.