2018 жылдың 12 сәуір күні Тараз қаласындағы орталық «Достық» алаңында Болашаққа бағдар: «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облыстық «Аула ойындары фестивалі» өтті. Болашаққа бағдар: «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облыстық «Аула ойындары фестивалі» Болашаққа бағдар: «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Рухани қазына» бағытына бұқаралық ойындарын іске асыру аясында еңгізілген, осыған орай аталған жарыс төртінші рет облыста ұйымдастырылды. Аула ойындары спорттың 5 түрі бойынша өткізілді: қалашық, ләңгі, асық ату, қашпа доп (выбивалы) және секірмек (скакалки). Команда үш түрлі жас ерекшеліктерінен тұрады: жасөспірімдер 10-14 жас; жастар 14-18 жас; ересектер 18 жастан жоғары.
Аталған жарысқа Тараз қаласы мен аудандардан І және ІІ кезеңге – 20559 спортшы ал, ІІІ ақтық кезеңіне - 459 спортшы қатысты. Барлығы: 21018спортшыны қамтыды.
Жарыс қорытындысы бойыншы жеңімпаздар келесі рет бойынша анықталды:
10-14 жас ерекшелігі бойынша:
І орын - Қордай ауданы құрама командасы.
ІІ орын - Шу ауданы құрама командасы.
ІІІ орын – Т.Рысқұлов ауданы құрама командасы.
15-18 жас ерекшелігі бойынша:
І орын - Сарысу ауданы құрама командасы.
ІІ орын - Меркі ауданы құрама командасы.
ІІІ орын – Қордай ауданы құрама командасы.
18 жастан жоғары жас ерекшелігі бойынша:
І орын - Байзақ ауданы құрама командасы.
ІІ орын - Сарысу ауданы құрама командасы.
ІІІ орын – Қордай ауданы құрама командасы.