2019 жылдың 19 сәуір күні «Тараз-Арена» спорт сарайында Болашаққа бағдар: «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облыстық «Аула ойындары фестивалі» өтті.
Болашаққа бағдар: «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облыстық «Аула ойындары фестивалі» Болашаққа бағдар: «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Рухани қазына» бағытына бұқаралық ойындарын іске асыру аясында еңгізілген, осыған орай аталған жарыс төртінші рет облыста ұйымдастырылды.
Аула ойындары спорттың 5 түрі бойынша өткізілді: қалашық, ләңгі, асық ату, қашпа доп (выбивалы) және секірмек (скакалки). Команда үш түрлі жас ерекшеліктерінен тұрады: жасөспірімдер 10-14 жас; жастар 14-18 жас; ересектер 18 жастан жоғары.
Аталған жарысқа Тараз қаласы мен аудандардан І және ІІ кезеңге – 21991 спортшы ал, ІІІ ақтық кезеңіне - 429 спортшы қатысты.
Жарыс қорытындысы бойыншы жалпы командалық есепте жеңімпаздар анықталды:
І орын - Байзақ ауданы құрама командасы.
ІІ орын - Шу ауданы құрама командасы.
ІІІ орын – Сарысу ауданы құрама командасы.