ТАЕКВОНДОДАН (WT) АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ
- 75
2018 жылдың 24-28 мамыр аралығында Хошимин (Вьетнам) қаласында таеквондодан (WT) ересектер арасында Азия чемпионаты өтті. Чемпионатқа Жамбыл облысынан Қазақстан Ұлттық құрамасы сапында Руслан Жапаров қатысып, +87 кг салмақ дәрежесінде ІІ орын иеленді.Облыстың аға жаттықтырушысы – Ә.Әлімбеков.
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ДЗЮДОШЫ ЕЛДОС СМЕТОВ ҚЫТАЙДА ӨТКЕН ӘЛЕМДІК ГРАН-ПРИ ТУРНИРІНДЕ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ
- 53
Қытайдың Хоххот қаласында өткен дзюдодан әлемдік Гран-при турнирінде 60 келідегі қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов жеңіске жетіп, чемпион атанды.Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.Дзюдодан 2015 жылғы Әлем чемпионы, Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Елдос бұл турнирде алдымен ресейлік Роберт Мшиводабадзені «иппон» әдісімен, содан кейін екінші айналымда жапондық Юма Ошиманы «ваззари» ұпайымен жеңді.
«Жастар – терроризм мен экстремизмге қарсы» ұранымен Жамбыл облысындағы техникалық және кәсіптік білім мекемелерінің студенттері арасындағы спартакиадасы
- 74
2018 жылдың 25 мамырында Тараз қаласы «Тараз-Арена» спорт сарайында «Жастар – терроризм мен экстремизмге қарсы» ұранымен Жамбыл облысындағы техникалық және кәсіптік білім мекемелерінің студенттері арасындағы спартакиадасы өтті. Спартакиада студенттер арасында спорттың 6 түрі бойынша (кіші футбол, үстел теннисі, волейбол, армрестлинг, асық ату және жеңіл атлетика) өткізілді. Спартакиадаға 11 командадан 294 студент қатысты.
БОКСТАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫ
- 56
2018 жылдың 19-23 мамыр аралығында Жаңақорған (Қызылорда облысы) ауылында бокстан 2004-2005 жылдары туылған жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Чемпионатқа республиканың 14 облысынан Астана мен Алматы қалаларынан барлығы 158 спортшы қатысты. Жамбыл облысынан 12 споршы қатысып, жарыс нәтижесі төмендегідей:
БЖЗҚ-ның өзін-өзі жұмыспен қамтушыларға қатысты белсенді жұмысы
- 43
Биыл ақпан айынан бастап БЖЗҚ өзін-өзі жұмыспен қамтушыларға қатысты жұмыстарды күшейтті. Осылайша, Қорда зейнетақы жарналары түспейтін шоттарды өңдеу туралы бастама көтерілді. Сөйтіп, 2015-2017 жылдар аралығында ашылған, бірақ содан бері бірде-бір рет жарна түспеген, сондай-ақ, зейнетақы жинақтары бар, бірақ 2017 жылы еш жарна түспеген шоттар анықталды.
2018 жылдың алғашқы жартысында 325 мыңдай салымшыны қамту жоспарланған болатын. 2018 жылдың ақпан-наурыз айлары аралығында 71 мыңнан астам салымшымен байланыс орнатылды. Телефон арқылы хабарласу нәтижесінде сол салымшылардың 25 пайызы (ал бұл – 8 953 адам) қосымша ақыл-кеңес алу үшін Қорға хабарласты. Сондай-ақ, 9 789 жеке зейнетақы шотына жарна түсті. Ал бұл, байланыс орнатылған салымшылардың 14 пайызын құрайды
БЖЗҚ: жеке қорлардың проблемалық мұрасына қатысты белсенді жұмыстар жүргізілуде
- 55
Еске сала кетелік, БЖЗҚ құрылмас бұрын зейнетақы нарығында мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры және бірқатар жеке жинақтаушы зейнетақы қорлары жұмыс істеді. Осы кезеңде салымшылардың бір қордан екінші қорға ауысуына және мемлекеттік қорда шоттардың автоматты түрде ашылуына байланысты «техникалық», яғни талап етілмеген және қосарлы шоттар пайда бола бастады.
Басшы блогы
Байланысу
Басқарма басшысының орынбасары – Мұқанов Бекболат Қабылханұлы |
45-86-18 |
Басқарма басшысының орынбасары – Жолдасбеков Нұржан Қырықбайұлы |
43-00-69 |
Азаматтарды қабылдау Салықбаева Қарлығаш Әшірбайқызы |
45-31-69 |
Сенім телефоны |
9.00-19.00 дейін, 51-71-95 |
Адрес:Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі 72 |
Индекс 080000 |