БЖЗҚ қашықтықтан ақпарат және кеңес береді
- 62
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының акционері мен директорлар кеңесі Қор қызметінің барынша ашық болуына, Қордың салымшылары және зейнетақы төлемдерін алушыларымен тиімді коммуникациялық байланыс орнатуға айрықша мән береді. Қор өз кезегінде бұл үшін барлық мүмкіндіктерді пайдаланды. Ай сайын брифингтер, үш ай сайын баспасөз мәслихаттары өткізілді. Жазғы қаржы журналистикасы мектебі ұйымдастырылды. 2017 жылы Қор бастамасы бойынша республикалық және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарында 15 мыңдай материал жарық көрді. Бұл 2016 жылғы көрсеткіштен 3 есе және оған дейінгі үш жыл ішіндегі көрсеткіштерден 2,3 есе артық. Сондай-ақ, БЖЗҚ филиалдық желісінің қызметкерлері 2017 жылы кәсіпорындар мен ұйымдарда 18 мыңнан астам көшпелі таныстырылымдық шаралар өткізді. Оларға 557 мыңнан астам адам қатысты. Осылайша, жарты миллионнан астам қазақстандық осындай кездесулер барысында өздерін мазалған сұрақтарға жауап алды.
БЖЗҚ қызметтерінің сапасы халықаралық стандарттарға сәйкес келеді
- 114
2018 жылдың наурыз айында «БЖЗҚ» АҚ Сапа Менеджменті Жүйесі бойынша (СМЖ) сертификациялық аудиттен сәтті өтті. Мақсат – оның ISO 9001:2015 халықаралық стандартының зейнетақы қызметтерін көрсету саласындағы талаптарына сәйкестігін растау. Аудитті алдыңғы қатарлы TÜV Thüringen e.V (ТЮФ Тюринген, Германия) еуропалық компаниясының халықаралық аудиторлары жүргізді.
Аудит барысында TÜV Thüringen e.V. сарапшылары БЖЗҚ-ның Сапа менеджменті жүйесі толық көлемде нәтижелі екендігін, Қорда оны лайықты деңгейде қолдауға және одан әрі дамытуға барлық жағдай жасалғандығын атап өтті.
Қазақстандықтардың жартысынан астамы зейнетақы жүйесіне сенеді
- 44
2017 жылдың соңында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры «Қоғамдық Пікірлерді Зерттеу Орталығы» ЖШС бірлесе отырып, әлеуметтік зерттеу жүргізді. Соның нәтижесі бойынша қазақстандықтардың зейнетақы Қорына және отандық зейнетақы жүйесіне қаншалықты сенетіндігі, сондай-ақ тұрғындардың зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы қаржылық сауатылығының деңгейі анықталды.
ҚР Ұлттық Банкінің инвестициялық қызметі
- 47
Зейнетақы активтерінің валюталық портфеліне қатысты жаңа стратегиялық үлестірім аясында зейнетақы активтері дамушы және дамыған елдердің облигациялары мен акцияларының ғаламдық индексіне инвестицияланатын болады. Бұл жерде индекс - тәуекел мен табыстылықтың белгілі бір шамаларына жауап бере алатын қаржы құралдарының жиынтығы. Оларды инвесторлар эталонды портфельдер ретінде қолданады.
«БЖЗҚ» АҚ 2017 жылы және 2018 жылдың 1 тоқсанында атқарған қызметінің қорытындысы
- 43
Алматы, Қазақстан – Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы және меншікті активтері бойынша 2017 жылғы қаржы есептілігіне сыртқы аудит жүргізілді. 2018 жылдың 1 қаңтарына қарай «БЖЗҚ» АҚ меншікті капиталы 91,3 млрд теңгені құрап, есепті жылда 18,1 млрд теңгеге өсті. Өсім есепті кезеңде үлестірілмеген пайданың артуына байланысты қалыптасты. Есепті жыл ішінде салық салудан кейін қалған таза пайда - 18,2 млрд теңгені құрады.
«БЖЗҚ» АҚ және «Қазпошта» АҚ арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды
- 61
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы мен «Қазпошта» акционерлік қоғамы арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Осы Меморандум аясында зейнетақы қызметтерін БЖЗҚ бөлімшелері жоқ шалғай елдімекендерде Қазпошта бөлімшелері арқылы көрсету жоспарлануда. Трансферагенттік қызметтерді көрсету үшін елдімекендерді таңдағанда ең алдымен экономикалық тұрғыдан белсенді тұрғындары аз, аудан орталықтарынан алыста орналасқан шағын елдімекендерге басымдық беріледі.
Басшы блогы
Байланысу
Басқарма басшысының орынбасары – Мұқанов Бекболат Қабылханұлы |
45-86-18 |
Басқарма басшысының орынбасары – Жолдасбеков Нұржан Қырықбайұлы |
43-00-69 |
Азаматтарды қабылдау Салықбаева Қарлығаш Әшірбайқызы |
45-31-69 |
Сенім телефоны |
9.00-19.00 дейін, 51-71-95 |
Адрес:Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі 72 |
Индекс 080000 |