Бүгін: 04.04.2022
Дені сау ұлт бәсекеге қабілетті деп атауға болады. Сондықтан, біздің мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағыттарының бірі бұқаралық спорт қозғалысын кеңейту болып табылады.Н.Ә. Назарбаев

 

2019 жылдың 7  наурыз күні Тараз қаласы «Тараз-Арена» спорт сарайында 8 – наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған мемлекеттік қызметші әйелдер арасындағы волейболдан облыстық турнир өтеді.

Жарысқа 10 ауданнан және Тараз қаласынан жасақталған 15 командадан 150-ге жуық спортшы арулардың қатысуы жоспарлануда.

Аталған жарысты ұйымдастырып өткізуге басшылықты Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті бірлесе жүзеге асырады.

Жарысты өткізудің негізгі мақсаты спортпен жүйелі түрде шұғылданушы мемлекеттік әйел қызметшілер  қатарын арттыру, мемлекеттік әйел қызметшілер  арасында салауатты өмір салтын насихаттай отырып, жеке құрам арасында достық қатынасты орнату.

 

Жарыстың салтанатты ашылуы 2019 жылдың 7 наурыз күні сағат 10.00-де.

Биыл Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесіне 20 жыл толып отыр. 20 қыркүйек күні Қордың барлық филиалдарында осы айтулы датаға арналған халықпен дәстүрлі кездесу  - Ашық есік күні өтеді. Еліміздің зейнетақы жүйесінің жұмысы туралы кеңірек білу үшін біз «БЖЗҚ» АҚ-ның филиалының директоры Джармуханбетов Н.А.  әңгімеге тарттық.

ҚР жинақтаушы зейнетақы жүйесіне 20 жыл: тарихы мен даму бағыттары

2018 жылдың 20 қыркүйегінде «Бірыңғай зейнетақы жинақтаушы қоры» АҚ-ның  Жамбыл облыстық филиалында  «ҚР жинақтаушы зейнетақы жүйесіне 20 жыл: тарихы мен даму бағыттары» деген тақырыпта Ашық есік күні өтті. Шараға 220  адам қатысты. Ашық есік күні аясында (аты –жөні, қызметі) жиналғандарға зейнетақы жүйесінің ерекшеліктері мен даму бағыттары, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қызметі  туралы әңгімелеп берді.

Оның айтуынша, 1990-жылдары еліміз тәуелсіздікке қол жеткізген сәтте гиперинфляция мен жұмыссыздықтың күрт өсуінен кеңестік дәуірден мұраға қалған зейнетақы жүйесі жарамсыз болып қалды. Осылайша зейнетақы жүйесін жаңа әлеуметтік-экономикалық ахуалға сай реформалау қажеттігі туындады.  Реформаның басты мақсаты –  азаматтардың қарттық шағына деген жауапкершілігіне негізделген  әлеуметтік әділдік қағидатына сай жүйе қалыптастыру, яғни, әр азаматТЫ зейнетақы жүйесіне қосқан үлесіне сай зейнетақымен қамтамасыз ету болатын. 

2018 жылғы 29 сәуір күні «1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне» орай «Жамбыл Марафон» (жеңілатлетикалық жүгіріс және жартылай марафон) спорттық бұқаралық іс-шарасы өтеді.

Марафонға көршілес Ресей, Қырғызстан елдерінен және Астана, Алматы, Шымкент, Көкшетау, Ақтөбе қалалары мен Жамбыл облысының тұрғындарынан 2500-ге жуық адамның қатысуы жоспарлануда.

2018 жылдың 6  наурыз аралығында Тараз қаласы «Тараз-Арена» спорт сарайында Астана қаласының 20 жылдығына және 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған мемлекеттік әйел қызметшілері арасындағы үстел теннисінен облыстық турнир өтеді.

Жарысқа 8 ауданнан және Тараз қаласынан жасақталған 17 командадан 50-ге жуық спортшы арулардың қатысуы жоспарлануда.

2018 жылдың 17-21 қаңтар аралығында Тараз қаласы, «Гамбит» шахмат клубында ересектер арасындағы тоғызқұмалақтан Жамбыл облысының ашық кубогі өтетіндігін хабарлайды.

Аталған турнирге Тараз қаласынан және аудандардан барлығы 70 спортшы қатысуы жоспарлануда.

2018 жылдың 24-28 қаңтар аралығында Меркі ауданы, №19 С.Әлібекұлы атындағы орта мектебінде тоғызқұмалақтан Жамбыл облысы 2003-2004, 2005-2006 ж.т. ұлдар мен қыздар арасындағы жекелей блиц және жекелей классика чемпионаты өтетіндігін хабарлайды.

Аталған турнирге Тараз қаласынан және аудандардан барлығы 90 спортшы қатысуы жоспарлануда.

2018 жылдың 10 қаңтар күні Тараз қаласы, Жамбыл даңғылы, №16 Олимпиада жеткіншектерін даярлау орталығының спорт кешенінде қазақ күресінен 1998-2000 жылы туылған жастар арасындағы  Жамбыл облысының чемпионаты өтеді.

Аталған турнирге Тараз қаласынан және аудандардан барлығы 110 спортшы қатысуы жоспарлануда.

2018 жылдың 10-11 қаңтар аралығында Тараз қаласы, Жамбыл даңғылы, №16 ОЖДО «Олимпик» спорт кешенінде қазақ күресінен ересектер (ерлер және әйелдер) арасында Жамбыл облысының чемпионаты өтеді.

Аталған турнирге Тараз қаласынан және аудандардан барлығы 80 спортшы қатысуы жоспарлануда.

 
 
 
 

Басшы блогы

Жүнісбеков Нұрбол Әбдімажитұлы

Байланысу

Басқарма басшысының орынбасары – Мұқанов Бекболат Қабылханұлы

45-86-18

Басқарма басшысының орынбасары –

Жолдасбеков Нұржан Қырықбайұлы

43-00-69

Азаматтарды қабылдау Салықбаева Қарлығаш Әшірбайқызы

45-31-69

Сенім телефоны

9.00-19.00 дейін, 51-71-95

Адрес:Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі 72

Индекс 080000

Сенім телефондары