2018 жылдың 24-28 қаңтар аралығында Меркі ауданы, №19 С.Әлібекұлы атындағы орта мектебінде тоғызқұмалақтан Жамбыл облысы 2003-2004, 2005-2006 ж.т. ұлдар мен қыздар арасындағы жекелей блиц және жекелей классика чемпионаты өтетіндігін хабарлайды.
Аталған турнирге Тараз қаласынан және аудандардан барлығы 90 спортшы қатысуы жоспарлануда.
Жарыстың жалпы басшылығын, Тоғызқұмалақ қазақ ұлттық ойын қауымдастығы қоғамдық бірлестігі мен Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы жүргізеді, жарысты тікелей өткізуді бас төрешіге және төрешілер алқасына жүктеледі.
Жарысты өткізудің негізгі мақсаты тоғызқұмалақ ұлттық спортты насихаттау, жастарды отансүйгіштікке, патриоттық сезімге тәрбиелеу болып табылады.
Жарыстың салтанатты ашылуы : ү.ж. 25 қаңтар, сағат 15:00