2018 жылдың 6 наурыз аралығында Тараз қаласы «Тараз-Арена» спорт сарайында Астана қаласының 20 жылдығына және 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған мемлекеттік әйел қызметшілері арасындағы үстел теннисінен облыстық турнир өтеді.
Жарысқа 8 ауданнан және Тараз қаласынан жасақталған 17 командадан 50-ге жуық спортшы арулардың қатысуы жоспарлануда.
Аталған жарысты ұйымдастырып өткізуге басшылықты Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті бірлесе жүзеге асырады.
Жарысты өткізудің негізгі мақсаты спортпен жүйелі түрде шұғылданушы мемлекеттік әйел қызметшілер қатарын арттыру, мемлекеттік әйел қызметшілер арасында салауатты өмір салтын насихаттай отырып, жеке құрам арасында достық қатынасты орнату.
Жарыстың салтанатты ашылуы 2018 жылдың 6 наурыз күні сағат 10.00-де.