2018 жылғы 29 сәуір күні «1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне» орай «Жамбыл Марафон» (жеңілатлетикалық жүгіріс және жартылай марафон) спорттық бұқаралық іс-шарасы өтеді.
Марафонға көршілес Ресей, Қырғызстан елдерінен және Астана, Алматы, Шымкент, Көкшетау, Ақтөбе қалалары мен Жамбыл облысының тұрғындарынан 2500-ге жуық адамның қатысуы жоспарлануда.
Спорттық іс шараға жасы 12 жоғары кез келген адам қатыса алады.
Жеңілатлетикалық жүгіріс 2 қашықтықтан тұрады: 2.4 км және 4.8 км. (старттық жарнасыз, 2.4 км– 12 жастан бастап және одан жоғары, 4.8 км – 16 жастан бастап және одан жоғары қатысушылар)
Жартылай марафон 2 қашықтықтан тұрады: 10 км және 21,1 км.
(старттық жарнамен, 10 км– 16 жастан бастап және одан жоғары, 4.8 км – 18 жастан бастап және одан жоғары қатысушылар қатысады, старттық жарна қайырымдылық мақсатында жұмсалады)
Жеңілатлетикалық жүгіріс бағыты: 2.4 км және 4.8 км - Орталық «Достық» алаңынан – (Төле би көшесі бойымен) – Желтоқсан көшесі – Сүлейменов көшесі – Абай даңғылы - Орталық «Достық» алаңына дейін.
10 км жартылай марафонының бағыты – Автокөлік базарынан Төле би даңғылы - Махамбет батыр көшесі – Ниеткалиев көшесі – Әль-Фараби көшесі - Төле би даңғылы - Орталық «Достық» алаңына дейін.
21.1 км жартылай марафонының бағыты – НДФЗ зауыты аумағындағы айналмалы жолдан - Төле би даңғылы - Махамбет батыр көшесі - Ниеткалиев көшесі – Әль-Фараби көшесі - Төле би даңғылы - Орталық «Достық» алаңына дейін.
Сонымен қатар дене мүмкіндігі шектеулі адамдар (ТҚАЗ, есту және көру қабілеті зақымданған жандар) арасында жеңілатлетикалық жүгіріс ұйымдастырылатын болады.
Марафонды ұйымдастырып өткізуге басшылықты «Мәнді өмір» қоғамдық қоры, Жамбыл облысы әкімдігі және Жамбыл облысының женіл атлетика федерациясымен бірлесе жүзеге асырады.
Марафонды өткізудің негізгі мақсаты облыс тұрғындары арасында бұқаралық спорт түрлерін дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау, барлық жас ерекшеліктегі азаматтарды дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту және облыс бойынша аз қамтылған отбасыларындағы БЦП-мен (балалардың церебральді параличі) ауыратын балаларға қайырымдылық көрсету.
Спорттық іс шараның салтанатты ашылуы мен басталуы 2018 жылдың 29 желтоқсан күні сағат 09.00-де.
Қатысушыларды тіркеу: сағат 08.00-де