2019 жылдың 09 – 12 мамыр аралығында Бухарест (Румыния) қаласында еркін күрестен жасөспірімдер арасында халықаралық турнир өтті.
Турнирге әлемнің 28 мемлекетінен 253 спортшы қатысты. Жамбыл облысынан 4 споршы қатысып, жарыс нәтижесі төмендегідей:
- Мадемар Мадияр 45кг І орын
- Қуанышбай Нұрдаулет 71кг ІІ орын
- Тагиров Ислам 110кг ІІ орын
- Нұрланбек Әбдінұр 48кг ІІІ орын
Облыстың аға жаттықтырушысы – Руслан Сексенбаев.