2019 жылдың 26-30 мамыр аралығында Тараз қаласында өткен Қазақстан Республикасының 5-ші Жазғы Спартакиадасы аясында су добынан ерлер мен әйелдер арасында жарыс аяқталды. Жарысқа республиканың 6 облысынан 140 спортшы қатысты.
Бағдарламаның әйелдер бөлігінде Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы қаласы, Батыс Қазақстан облысы, Қарағанды облысы және Жамбыл облысы құрамалары қатысты.
Ерлер бөлігінде Нұр-Сұлтан қ., Аламаты қ., Қарағанды облысы, Атырау облысы және Жамбыл облысы құрамалары қатысты.
Жарыстың қорытындысы бойынша бағдарламаның әйелдер арасында І орынды Жамбыл облысы, ІІ орынды Алматы қаласы, ІІІ орынды Батыс Қазақстан облысы иеленді.
Сонымен қатар, ерлер арасында І орынды Алматы қаласының командасы, ІІ орынды Жамбыл облысының командасы, ІІІ орынды Нұр-Сұлтан қ. иеленді.