2019 жылғы 2 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жасаған Жолдауында отандық зейнетақы жүйесіне ерекше көңіл бөлінген еді.
Осыған байланысты «БЖЗҚ» АҚ мынаны хабарлайды:
- жұмыс берушінің 5 пайыз көлеміндегі міндетті зейнетақы жарналарын енгізу 2023 жылға дейін кейінге қалдырылды.
- жұмыс істейтін азаматтарға өздерінің зейнетақы жинақтарының бір бөлігін мақсатты түрде пайдалану мүмкіндігін беру – мысалы, баспана сатып алу немесе білім алу мәселесін ҚР Үкіметі жыл соңына дейін қарастыратын болады.