Халық арасындағы насихаттау жұмысы аясында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2019 жылы 20 қыркүйекте Қазақстан аумағындағы өзінің барлық филиалында «Ашық есік күнін» өткізеді.
Күннің басты тақырыбы – «Ерікті зейнетақы жарналары – өзіңіздің және жақындарыңыздың қамын ойлаңыз». Қазір – бұл зейнетақы жинақтары саласындағы ең жиі талқыланатын мәселелердің бірі. Қор мамандары келешекте салымшыларды қандай артықшылықтар мен бонустар күтіп тұрғанын айтып береді.
Сонымен қатар бұл іс-шара мақсаты – зейнетақы жүйесінің жалпы жұмысына қатысты басқа да мәселелер бойынша салымшыларды кешенді хабарландыру.
Іс-шараға қатысушылардың барлығына бағалау сауалнамасы арқылы өз тілектері мен ескертулерін айту мүмкіндігі беріледі.
Сіздерді «БЖЗҚ» АҚ кеңселерінде күтеміз!
Біз сіздерді Тараз қаласы Қазыбек би, 177 мекенжайындағы Жамбыл облыстық филиалында 10:00 мен 17:00 аралығында күтеміз.