2019 жылдың 30 қыркүйек күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша Департаментінің ұйымдастыруымен «Тараз-Арена» спорт сарайында «Адалдық дүкені» ашылды.
Өңірімізде бұл игі іске қолдау білдірген Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы болды.
Бұл бастама сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында Агенттік тарапынан жүзеге асырылған Жобалардың бірі болып табылады.
Жобаның басты мақсаты - қоғамда сенім атмосферасын құру және жастарға өзін жақсы, адал азамат ретінде анықтауға мүмкіндік беру.
«Тараз-Арена» СС келген қонақтар өздеріне қажетті заттарды алып, алған тауары үшін ақшаны кассалық жәшікке салып, есеп айырысады. Яғни, дүкенде сатушы болмайды, затты сатып алушылар өз-өздеріне қызмет көрсететін болады.
Аталған іс-шара жастардың жағымды моральдық қасиеттерін, оның ішінде ішкі парасаттылық пен адалдықты тәрбиелеуге және сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті қалыптастыруға бағытталған.
Ашылған дүкенді көрген халық өз таңданыстарын білдіріп, сенім білдірген ұйымдастырушылар мен мекеме басшыларына өз алғыстарын білдірді.