2019 жылдың 10-17 қазан аралығында Фуджейра (БАӘ) әмірлігінде бокстан 2003-2004 жылдары туылған жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты өтті.
Чемпионатқа Азияның 26 мемлекетінен барлығы 239 спортшы қатысты. Жамбыл облысынан ҚР құрама командасының сапында 6 спортшы қатысып, Бабаханов Сұлтан (66кг), Серік Назерке (54кг) және Семенова Валерия (70кг) І орын, Цой Анжелика (52кг) мен Жарасқызы Жібек (66кг) ІІІ орындарды иеленді.
Облыстың аға жаттықтырушысы - Ержан Жарқымбеков.