Бүгін: 12.02.2022
Дені сау ұлт бәсекеге қабілетті деп атауға болады. Сондықтан, біздің мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағыттарының бірі бұқаралық спорт қозғалысын кеңейту болып табылады.Н.Ә. Назарбаев

Өмір болған соң адамдарың мекенжайын ауыстырып тұратыны белгілі. Бұл көп жағдайда жұмыс орнын ауыстыруға байланысты орын алып, әрине, еңбек қатынастары рәсімделеді. Сондай-ақ зейнетақымен қамсыздандыру нормалары да қарастырылған. Бұл әсіресе Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕЭО) мүше-елдердің еңбекшілері үшін өте маңызды. Өйткені осы елдердің арасында еңбек миграциясы белсенді түрде жүретіні белгілі. ЕЭО-ға мүше-елдер азаматтарының зейнетақы құқығы қалай қалыптасатындығы жайында «БЖЗҚ» АҚ Төлемдерді ұйымдастыру және хабарландыру департаменті директорының орынбасары Гүлмира Кимолаева әңгімелейді.

– Гүлмира Кенжебекқызы, ЕЭО елдері еңбекшілерінің зейнетақымен қамсыздандыру мәселесі қандай құжатпен реттеледі? Бұл құжат ЕЭО елдері азаматтарына қандай мүмкіндіктер береді? 

– Еуразиялық экономикалық одаққа мүше-елдердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру – еңбекші тұрақты өмір сүретін мемлекеттің заңнамасымен және ЕЭО-ға мүше-елдер арасындағы жекелеген мемлекеттік шартқа сәйкес реттеледі. 2014 жылғы 29 мамырда қабылданған Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шарттың 98-бабының 3-ші тармағында осылай делінген. Шарттың ережелерін жүзеге асыру мақсатында қазіргі уақытта Еуразиялық экономикалық одаққа (бұдан әрі – ЕЭО, Одақ) мүше-елдер (Беларусь Республикасы, Ресей Федерациясы, Армения Республикасы, Қырғыз Республикасы, Қазақстан Республикасы) Еуразиялық экономикалық комиссиямен (бұдан әрі – ЕЭК, Комиссия) бірлесе отырып, ЕЭО-ға мүше-елдердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы Келісім (бұдан әрі – Келісім) жобасын әзірледі. Сондай-ақ ЕЭО-ға мүше-елдердің уәкілетті, құзыретті органдары мен Комиссия осы Келісім нормаларын қолдану бойынша Өзара әрекеттесу тәртібі (Тәртіп) жобасын әзірлеуде. Келісім еңбекшілер мен олардың отбасы мүшелеріне қолданылады.

Келісім бойынша еңбекшілер дегеніміз – осы Одаққа мүше-елдердің азаматтары. Олардың зейнетақы құқығы Одаққа мүше басқа елдің аумағында еңбек және басқа да қызметті жүзеге асыру арқылы қалыптасуы тиіс.  

Келісімнің негізгі мақсаты – зейнетақымен қамсыздандыру саласында тең құқықты қамтамасыз ету. Нақты айтар болсақ, ЕЭО-ға мүше-мемлекет зейнетақымен қамсыздандыру саласы бойынша өз азаматтарына қандай құқық ұсынса, Одаққа мүше басқа елдердің азаматтарына да дәл сондай дәрежеде құқық беруге міндетті болады. Келісімнің тағы бір көздеген мақсаты – еңбекшілердің ЕЭО елдерінде алған зейнетақы құқықтарын қорғау, еңбекшілердің зейнетақысын тағайындау және аудару мәселелерін шешу, Одақ арасында зейнетақы саласында ынтымақтастықты дамыту.

Одаққа мүше әрбір ел, азаматқа сол жұмысқа орналасқан мемлекеттегі еңбек өтілі мен зейнетақы жарналары аударылған кезеңге лайықты зейнетақы төлейді. Сондықтан еңбекшілер Одаққа мүше-елдердегі жұмыс берушілермен еңбек қатынастарын ресми түрде рәсімдеулері тиіс. Яғни, қызметкердің өзге елдегі жұмысы заңды, еңбек шарты немесе азаматтық-құқықтық шарт негізінде болуы керек. Зейнетақы құқықтары осылай қалыптасады.

 

– Одаққа мүше-елдердің, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтары, осы әзірленіп жатқан Келісім аясында зейнетақының қандай түрлеріне үміт арта алады?

– ЕЭО-ға мүше-елдер тағайындайтын зейнетақы түрлері Келісім жобасының 2-бабында көрсетілген. Бұл жерде әңгіме осы Келісім аясындағы зейнетақы түрлері жайында болып отыр.

Келісім күшіне енген соң ЕЭО азаматтары ЕЭО-ға мүше басқа елдердегі еңбегі бойынша зейнетақы құқығын қалыптастыру, сақтау және жүзеге асыру мүмкіндігіне ие болады. Ал Одаққа мүше әрбір ел өзінің ұлттық заңнамасы негізінде өз аумағында еңбек еткен азаматқа үйлесімді зейнетақы төлейді. Яғни, еңбек мигранты сол елдің зейнетақы қорына жарна аударып, қаражат жинайды. Кейін сол елдің заңнамасы бойынша өзіне тағайындалған зейнетақы төлемдерін осы елде немесе өзінің туған еліне аудару арқылы алады.

Еңбекшілерге зейнетақы тағайындау және төлеуге арналған құжаттардың тізімі Одаққа мүше әрбір елдің ұлттық заңнамасы бойынша реттеледі.   

Қазақстанда Келісім БЖЗҚ-ға зейнетақы жарналарын төлеу және БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру  бойынша құқықтық қатынастарға тарайды. Яғни,  зейнеткерлік жасқа толу; 1 және 2 топтардағы мүгедектік мерзімсіз болып белгілену; мұрагерлерге біржолғы төлемді жүзеге асыру жағдайында қолданылады.           

 

– ЕЭО-ға мүше елдің азаматы (Ресей Федерациясы немесе Қазақстан) зейнетақы алу құқығын қалай жүзеге асыра алады? Қандай құжаттар жинап, оларды қайда тапсыру керек?

– Мысалы, Ресей азаматы Келісім күшіне енгеннен кейін Қазақстанда еңбек немесе азаматтық-құқықтық шарт бойынша еңбек ететін болса, ол жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысады. Бұл үшін ол Қазақстан Республикасының ұлттық зейнетақы заңнамасымен бекітілген тәртіпте БЖЗҚ-ға ай сайын міндетті зейнетақы жарналарын аударатын болады.        Бұл ретте ол өзінің зейнетақы жинақтарын Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша зейнет жасына толғанда, 1 және 2 топтардағы мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленген жағдайда, сондай-ақ Қазақстан заңнамасы бойынша, яғни, ҚР азаматтарымен тең жағдайда БЖЗҚ-ға (зейнетақы жарналарын және төлемдерін қалыптастыру бойынша Қазақстандағы құзырлы орган) немесе РФ зейнетақы қорына (өмір сүріп жатқан елінің құзырлы органы) тиісті құжаттарды тапсыра алады.

Егер Қазақстанда жұмыс істейтін Ресей азаматының банк шоты Ресейде ашылған болса, БЖЗҚ зейнетақыны үш ай сайын Ресейдің зейнетақы қорына рубльмен аударады. Әрі қарай ресейлік қор зейнетақыны алушының банк шотына жібереді.

Егер Қазақстан азаматы Келісім күшіне енген соң, Ресей аумағында еңбек өтіліне ие болса (мысалы, 5 жыл), Ресей Федерациясы өзінің зейнетақы заңнмамасының шарты бойынша (зейнет жасына толу, белгілі бір еңбек өтілінің болуы, жеке зейнетақы коэффициентінің саны) оған осы елдегі нақты еңбек өтіліне қарай зейнетақы тағайындайды. Бұл ретте Қазақстан азаматы тиісті өтінішті және құжаттар топтамасын Ресейдің Зейнетақы қорына немесе БЖЗҚ-ға тапсыра алады.

Егер оның банк шоты Ресейде емес, Қазақстанда ашылған болса, Ресейлік қор зейнетақыны үш ай сайын біздің Қорға теңгемен аударып отырады. Ал Қор оны әрі қарай алушының банк шотына жібереді.

 

– Зейнетақыны тағайындау және төлеу барысында Одаққа мүше елдердің құзырлы органдары (зейнетақы қорлары) өзара қалай әрекеттеседі?

– Құзырлы органдардың өзара әрекеттесуі жекелеген құжат негізінде реттеледі. Ол Келісім нормаларын қолдану бойынша өзара әрекеттесу Тәртібі (бұдан әрі – Тәртіп) деп аталады. Оны қазір ЕЭО-ға мүше-елдердің уәкілетті, құзыретті органдары мен Еуразиялық экономикалық комиссия әзірлеп жатыр.

Тәртіп аясында Еуразиялық экономикалық комиссия уәкілетті және құзыретті органдармен бірлесіп, тиісті формулярды дайындауда. Оның құрамында Келісім аясында зейнетақыны тағайындауға немесе бұрын тағайындалған зейнетақы бойынша маңызға ие мәліметтер болады. Құзырлы органдар осы мәліметтермен өзара бөлісіп отырады. Сонымен қатар Еуразиялық экономикалық комиссия уәкілетті және құзырлы органдармен бірлесе отырып, Одаққа мүше-елдердің уәкілетті және құзырлы органдарының ақпараттық жүйелерін осы Комиссияның ақпараттық жүйесімен өзара ықпалдастыру, сондай-ақ Келісім мен Тәртіптің ережелерін жүзеге асыру барысында қолданылатын деректерді, құжаттарды, формулярларды электрондық форматқа ауыстыру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Еуразиялық экономикалық комиссияның біріктірілген ақпараттық жүйесіне өткенге дейін құзырлы органдар мен осы Комиссияның өзара қарым-қатынасы қағаз жүзінде жүзеге асырылады. Бұл үшін олар өзара формулярлармен, сондай-ақ зейнетақыны тағайындау және төлеуге қажетті құжаттармен алмасатын болады.

 

– Келісімге қашан қол қойылады және ол қашан күшіне енеді?

– Келісімге Одаққа мүше-елдердің басшылары осы жылдың желтоқсан айында, ЕЭО-ға мүше елдердің қол қоюына қажетті барлық ішкі мемлекеттік рәсімдер аяқталған соң барып қол қояды деп жоспарланған. Бұл ретте Келісім оны ЕЭО елдері түгел ратификациялаған соң, күшіне енеді.

  

 

 
 
 
 

Басшы блогы

Жүнісбеков Нұрбол Әбдімажитұлы

Байланысу

Басқарма басшысының орынбасары – Мұқанов Бекболат Қабылханұлы

45-86-18

Басқарма басшысының орынбасары –

Жолдасбеков Нұржан Қырықбайұлы

43-00-69

Азаматтарды қабылдау Салықбаева Қарлығаш Әшірбайқызы

45-31-69

Сенім телефоны

9.00-19.00 дейін, 51-71-95

Адрес:Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі 72

Индекс 080000

Сенім телефондары