2020 жылдың 20-25 қаңтар күндері Атырау қаласында 2002-2003 жылы туған жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Ел біріншілігінде республикамыздың барлық өңірлерінен 198 спортшы 11салмақ дәрежесі бойынша сынға түсті.
Аталған жарысқа Жамбыл облысынан 16 былғары қолғап шебері қатысып 3 алтын, 1 қола жүлде иеленіп жалпы командалық есепте топ жарды.
Жеңімпаздар:
Сүюнбай Елнұр (60 кг)
Бабаханов Сұлтан (69 кг)
Молжігітов Диас (75 кг)
Жүлдегер:
Дүйсенқұл Азамат (56 кг)
Бокстан Қазақстан Республикасының чемпионаты AIBA ережесіне сәйкес өткізілді.