Павлодар облысы Екібастұз қаласында 27 қаңтар - 2 ақпан күндері 2002-2003, 2004-2005 жылы туған қыздар арасында өткен Қазақстан Республикасының чемпионаты мәресіне жетті.
Аталған біріншілікке республиканың барлық өңірлерінен 255 бұрымды былғары қолғап шеберлері қатысып жастар 10, жасөспірімдер 14 салмақ дәрежесі бойынша сынға түсті. Чемпионатта Жамбыл облысынан 38 спортшы бақ сынап, келесідей нәтиже көрсетті:
- Серік Назерке (54 кг) I орын
- Жарасқызы Жібек (69 кг) I орын
- Семенова Валерия (70 кг) I орын
- Бақытжан Шырайлым (48 кг) II орын
- Боранбаева Аяулым (50 кг) II орын
- Чукаева Диана (75 кг) II орын
Иманбаева Мөлдір (66 кг) II орын