2020 жылдың 2-5 наурыз күндері Қостанай қаласында кикбоксингтен ересектер арасында «Ең мықтылар» турнирі өтті. Аталған турнирде өңір спортшылары 6 алтын, 4 күміс, 3 қола жүлде еншілеп жалпы командалық есепте 2ші тұғырдан көрінді.
I-орын: Сауханбек Бибарыс (57 кг), Наурызбаева Ақерке (56 кг), Шажирова Жазира (60 кг), Усип Мақсат (71 кг), Бодауов Серікболсын (81 кг), Уралбаев Мұқағали (86 кг).
II-орын: Баймұратов Дінмұхамед (51 кг), Сейдахан Әлібек (54 кг), Таңғатар Ақбота (48 кг), Әділбек Санат (67 кг).
III-орын: Әлімбет Әділет (57 кг), Шазинда Ерсайын (67 кг), Сәрсенбек Сұлтан (60 кг).
Айта кетейік, турнирде кикбоксингтен Қазақстан Республикасының құрама командасына мүше спортшылар ғана өнер көрсетті.