2018 жылдың 08-12 ақпан аралығында Ақтау қаласында дзюдодан 2001-2002 жылдары туылған жасөспірімдер (ұлдар, қыздар) арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Чемпионатқа Республиканың 12 облысынан және Астана мен Алматы қалаларынан барлығы 653 спортшы қатысты. Жамбыл облысынан 56 спортшы қатысып, төмендегідей нәтиже көрсетті.
- А.Уали 66 кг І орын
- А.Болатбек 55 кг ІІІ орын
- Н.Қырғызбек 73 кг ІІІ орын
- А.Қуанышева 48 кг І орын
- С.Сейдіш 52 кг ІІ орын
Дзюдодан ұлдар арасында облыстың аға жаттықтырушысы – Оразәлі Ермекбай .
Дзюдодан қыздар арасында облыстың аға жаттықтырушысы – Фарида Тастекова.