2018 жылдың 19-21 ақпан аралығында Тараз қаласында Астана қаласының 20 жылдығына арналған гандболдан 2005 жылы туылған және одан жас жасөспірімдер арасында Жамбыл облысының ашық чемпионаты өтті.
Чемпионатқа Қарағанды және Жамбыл облысынан 5 команда қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша Тараз қаласының командасы І орын, Шу ауданының командасы ІІ орын, Қарағанды облысының қомандасы ІІІ орын иеленді.
Гандболдан облыстың аға жаттықтырушысы – Евгений Сапегин.