2018 жылдың 18 тамыз – 2 қыркүйек аралығында Индонезияның Джакарта мен Палембанг қалаларында XVІІІ– жазғы Азия ойындар өтеді.
Азия ойындарында 40 спорт түрінен 464 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Оның 32-і Олимпиада ойындары бағдарламасында бар спорт түрлері де, қалған 8 – олимпиадалық емес спорт түрлері.
Жарысқа Жамбыл облысынан «Айша бибі» су добы клубының спортшылары (13 спортшы), бокс (Аманқұл Әбілхан, Шымбергенов Асыланбек), дзюдо (Сметов Елдос), таеквондо (Жапаров Руслан, Ысқақ Елдос), каратэ-до (Гафурова Гузалия), жүзу (Қасқабай Әділ), жеңіл атлетика (Голендова Светлана, Красилов Михаил), оқ ату (Ибраев Бақтияр), самбо (Айтбек Айбол), ушу (Исмайлов Амир) спорт түрлері бойынша спортшылар қатысты. Барлығы – 25 спортшы.
Жарыс нәтижелері бойынша каратэ-додан 68 кг салмақ дәрежесінде Гузалия Гафурова жеңімпаз атанды.
Су добынан ҚР Ұлттық құрама командасының сапында Әлтаев Алтай қатысып, І орын иеленді.
Бокстан Асыланбек Шымбергенов (69 кг) пен Әбілхан Аманқұл (75 кг) күміс жүлдегер атанды.
Су добынан Қазақстан әйелдер құрама командасы («Айша бибі» су добы клубы) – күміс жүлдеге ие болды.
Жеңіл атлетикадан (эстафеталық жүгіру (4х100, 4х400) Голендова Светлана 2 қола медальға, таеквондодан +80 кг салмақ дәрежесінде Руслан Жапаров, жүзуден (4х100) Әділ Қасқабай қола жүлдегер атанды.
Қазақстан құрамасы барлығы 76 (15 алтын, 17 күміс, 44 қола) медаль иеленіп, жалпы командалық есеп бойынша 9-шы орынға тұрақтанды.