22 наурыз күні «Наурыз мейрамы -2016» мерекесіне орай орталық «Достық» алаңында Тараз қаласының қонақтары мен тұрғындары арасында қазақ күресі, асық ату, армрестлинг және гір көтеру бойынша жарыстар өтті. Сонымен қатар ұлттық спорт түрлерінен ұлттық салт-дәстүрімізді дәріптейтін көрме (бүркіт, қаршыға, тазы иттер) ұйымдастырылды.