2015 жылдың 23 шілдесінде Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты мекемелер мен кәсіпорындары қызметшілері арасында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелге Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің консультанты – Әлібеков Серік Айдарұлы және облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының қызметкерлері, басқармаға қарасты мекемелер мен кәсіпорындардың басшылары, басшыларының орынбасарлары, бас есепшілері қатысты.
Дөңгелек үстел барысында С. Әлібеков Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша түсіндірме беріп өтті.
Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша басқарманың және спорт мекемелері қызметшілеріне Жамбыл облысындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2011-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын орындау бойынша тиісті жұмыстарды жалғастыру, қолданыстағы заң нормаларының, әсіресе «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңы талаптарының мүлтіксіз орындалуын қатаң бақылауға алу тапсырмалары берілді.